
Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Білімі жоғары. Алматы қаласындағы Қайнар университетін халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Мұнайды жеткізу және қайта өңдеу, мұнай өнімдерін көтерме-бөлшек сату бойынша ірі коммерциялық құрылымдарды басқарды: «Казтоммунай» ЖШС, «Гелиос» ЖШС бас директоры, «Павлодар мұнайхимия зауыты» АҚ бас директорының орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өңдеу және мұнай химиясы блогының атқарушы директоры, «Қазақстан - отын-энергетикалық кешені» ЖШС бас директоры.
2009-2017 жж. - «Павлодар мұнайхимия зауыты» АҚ басқарма төрағасы (бас директоры). 2018 жылдан бастап - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өңдеу жөніндегі басқарушы директор. V, VI шақырылымдардағы Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, «Павлодар өңірінің Бокс федерациясы» ҚБ президенті, «Ертіс» хоккей клубының президенті.
Марапаттары: «Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі, ауған соғысының Республикалық мүгедектер бірлестігінің медалі, «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасы, «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі, «Қазақстан мәслихаттар депутаттарының бірлестігі» РҚБ мерейтойлық медалі, «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалі.