
Павлодар қаласының тумасы. Білімі жоғары. 1987 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірді. Ресей жазушылар одағының мүшесі.
1967 жылы орта мектепті бітірді. 1968-1970 жж. - Әскери-теңіз күштерінің қатарында қызмет етті. Еңбек жолын Главпавлодарстройдың «Строитель» көп таралымды газетінде тілші ретінде бастаған. Главпавлодарстройдың «Строитель» көп таралымды газетінің тілшісі, облыстық теледидарда, қала маңындағы «Нива» аудандық газетінде, «Звезда Прииртышья» газетінде аға тілші, ТВ редакциясының қоғамдық-саяси редакторы, ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі және экономика бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1992 жылы Павлодар облысындағы Қазақ телеграф агенттігінің (ТАСС) меншікті тілшісі. Павлодар облысындағы «Казахстанская правда» республикалық газетінің меншікті тілшісі. «Красно-белый дед», «Поезд дальнего следования», «Не поле перейти…», «Жизнь продолжается», «Память сердца», әңгімелердің, «Экибастуз – моя биография» атты очерктер жинағының авторы.
Марапаттары: Журналистер одағы облыстық ұйымының Ермаков атындағы сыйлығының екі мәрте иегері; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Гранты, «Қазақстанның құрметті журналисі» төсбелгісі, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, «I дәрежелі шекара әскерлерінің үздігі» төсбелгісі, II және III дәрежелі «Ерен еңбегі үшін» «Қазақстан алюминийі» АҚ төсбелгілері.