Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Аубанова Гульфаз Кенжетаевна - (15.07.1958 г.р.)

Павлодар қаласының тумасы. Білімі жоғары. 1981 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын дәрігер-емдеу мамандығы бойынша, 2001 жылы Қазақстан қаржы-экономикалық университетін экономист-қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты. Дәрігер-интерн, микромедиатр-дәрігер, балалар бөлімінің меңгерушісі, Павлодар қаласының перзентхана үйінің бас дәрігері (1981-1990); Павлодар қаласының 2-ші қалалық ауруханасының аға дәрігері (1990-1993); Павлодар қаласының облыстық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары (1993-1996); Павлодар қаласы "Данель" медициналық мекемесінің бас дәрігері, директоры (1996-2005); Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы (департамент директоры) (2005-2009); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің директоры (2009 жылдан бастап).

Марапаттары: "Құрмет" ордені; "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі; "Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтау ісінде ерекше еңбегі үшін" белгісі; "Ажар" ұлттық сыйлығының "Денсаулық сақтау" номинациясы бойынша лауреаты.

Дата публикации
24 декабря 2021
Дата обновления
24 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы