
Алматы облысының тумасы. Білімі жоғары. 1978 жылы В. Ленин ат. Қазақ политехникалық институтын бітірген, 1982 жылы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Минск қаласындағы жоғарғы курстарына, 1988 жылы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Ташкент қаласындағы курстарына кіреді.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі кадрлар және әскери білім департаментінің бастығы, Бас әскери инспекциясының генерал-инспекторы (11.1999-03.2002);
Павлодар облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы (05.2002-07.2006);
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы (07.2006-08.2007));
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары);
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (09.12.2009-22.08.2010);
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының бастығы (08.2010-2013 жж.)
Марапаттары: 2-ші дәрежелі "Даңқ" ордені, Андропов ордені; медальдар; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Құрметті қызметкері; Жамбыл ауданының және Алматы облысының Құрметті азаматы.