Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Аманжол Шәмкенұлы Шәмкенов - (1927-2004 жж.)

Павлодар облысының тумасы. Білімі жоғары. Қазақ жазушысы, ақын, драматург, Қазақстан Республикасының Халық жазушысы. 1950 жылы Киров ат. Қазақ мемлекеттік университетін бітірді. Әдебиетте 1950 жылдан бастап. Әдебиетте алғашқы қадамдарын Лебяжі аудандық газетінің тілші ретінде бастады. Алматыда "Әдебиет және өнер" журналының бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, Қазтелерадиода жұмыс істеді. 1961 жылдан - "Жазушы" баспасының бөлім меңгерушісі, 1971 жылдан-Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының көркем әдебиетті насихаттау жөніндегі бюро директоры. Аманжол Шәмкенов "Зеленый жайлау" (1954 ж.), "Дыхание степи" (1960), "Дети Иртыша" (1966), "Избранные стихи" (1987), театрға арналған пьесалар: "Найду себя", "История одной любви", "Ты не одинок". А. Шәмкеновтың бірқатар шығармалары ТМД халықтарының тілдеріне аударылған. Ол А. Пушкин, М. Лермонтов, Г. Гейне, С. Есениннің өлеңдерін қазақ тіліне аударды.

Марапаттары: ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы, Д. Неру халықаралық сыйлықтың лауреаты.

Дата публикации
24 декабря 2021
Дата обновления
24 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы