
Павлодар облысының тумасы. 1949 жылы Павлодар педагогикалық училищесіне түсіп, 1950 жылы бітірді. 1954 жылы Семей қаласындағы Н. К. Крупская атындағы педагогикалық институтқа физика-математика факультетіне оқуға түсіп, 1959 жылы бітірді.
Мектепте 44 жыл бойы Біләл Ықсанұлының алдында мемлекеттік емтихан тапсырып, 2100 түлек "өмірге жолдама" алды. Олардың ішінде ерекше түлектер бар, олар: Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағының президенті академик Қалдыбай Монтақаев, профессор Дәурен Ахметбаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Жанат Чайкина.
Марапаттары: "Еңбек Қызыл Ту" ордені, "ҚазКСР ағарту үздігі" атағы, "Еңбек ардагері" медалі, Крупская атындағы сыйлықтың лауреаты.