
1936 жылы туған. В. М. Поляков еңбек жолын 1956 жылы Алматы кинотехникумын бітіргеннен кейін Қашыр аудандық мәдениет бөлімінің аға инспекторы ретінде бастады. Ауданның және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғын үй және басқа да әлеуметтік объектілердің құрылысын ұйымдастыруға, Халықты әлеуметтік қорғауды нығайтуға қомақты үлес қосты.
Марапаттары: "Еңбек ардагері", "Ерен еңбегі үшін", "Тың жерлерді игергені үшін" медальдары, "Қазақстан кинематографиясының үздігі" төсбелгісі, Құрмет грамоталары.