
Павлодар облысының тумасы, білімі жоғары. 1975 ж. Павлодар педагогикалық институтын "Орта мектептің математика мұғалімі" мамандығы бойынша, 1999 ж. – Қарағанды мемлекеттік университетін "Экономист-заңгер"мамандығы бойынша бітірген. Жалпы еңбек өтілі 35 жылдан астам, Павлодар облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментін басқарды. Павлодар қаласының әлеуметтік дамуына үлкен үлес қосты.
Құрметті демалысқа шыққаннан кейін Павлодар қаласы мен облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысады. Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы болып табылады, Павлодар облысы Қоғамдық Кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Марапаттары: "Ы. Алтынсарин", "Астана – 10 жыл", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медальдарымен, "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" белгісімен марапатталған.