
Павлодар облысының тумасы. Білімі жоғары. 1968 жылы Н. К. Крупская ат. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. 40 жылдан астам ағартушылық қызметке, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге арнады.
Мақажан Несіпбайұлы тек мұғалім ғана емес, сонымен қатар мектепті басқарудағы білімпаз, үлгілі мұғалім болып табылады. М. Н. Жылқыбаев -іскер, сауатты басшы, жас ұрпаққа өз жүрегін жылу беруге дайын үлкен интеллектіне ие адам болып табылады.
Марапаттары: "Құрмет" ордені, "ҚазКСР халық білімінің еңбек сіңірген қызметкері" атағы, "ҚазКСР ағарту ісінің үздігі" белгісі, "Еңбек ардагері" медалі, Ы. Алтынсарин атындағы белгі.