
Павлодар облысының тумасы. Білімі жоғары. 1954 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Физика-математика ғылымдарының кандидаты, КСРО ЖАК доценті, профессор, С. Торайғыров атындағы ПМУ Құрметті деканы. 1960 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін қазіргі С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Павлодар индустриалды институтында жұмыс істеді.
Ғафур Мұқанұлы Мұқанов - Павлодар Ертіс өңірінің жоғары білім беру жүйесінің бастауында тұрған адам. Ол 1960 жылы ғана Павлодарда салынған индустриалды институттың қабырғасында алғашқы дәрісін оқыды.
Марапаттары: "КСРО Жоғары мектебінің үздігі" атағы, "ҚР ағарту ісінің үздігі " атағы, "ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері" наградалық белгісі, "Қазақстан конституциясына 10 жыл" медалі, "Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін" медалі (2002 ж.), Облыстық білім басқармасының және облыстық кәсіподақ комитетінің, ҚазКСР Жоғары және орта арнайы білім Министрлігінің және ағарту, жоғары мектеп және ғылыми мекемелер қызметкерлерінің республикалық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталары, КОКП ОК және КСРО Министрлігі Кеңесінің, ВЦСПС және БЛКЖО ОК Құрмет грамоталары.