
Ресей Федерациясы Ивановск облысының тумасы. Білімі жоғары. 1953 жылы Ивановка коммуналдық-құрылыс техникумын бітірді. 1956 жылы Павлодар қаласына келді. Еңбек жолын бастық жүйесінде бастады. "Главпавлодарстрой" бірлестігін басқарды, оның құрамында "Павлодарпромстрой", "Павлодаржилстрой", "Ермакферросплавстрой", "Үй құрылысы комбинаты" трестері болды. Өзінің жұмыс істеген жылдары Борис Алексеевич Павлодар қаласының құрылысына қомақты үлес қосты. Оның басшылығымен өнеркәсіптік кәсіпорындар, тұрғын үйлер мен әлеуметтік мәдени тұрмыстық ұйымдар салынды. 1957-1985 жылдары облыстық және қалалық депутаттар Кеңесінің депутаты болып сайланды. Құрметті демалысқа шыққаннан кейін қала мен облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысты. Павлодар қаласының Құрылысшылар ардагерлер кеңесінің төрағасы болды.
Марапаттары: Ленин ордені, "Құрмет Белгісі", "Еңбек Қызыл Ту" ордені, екі рет - "Құрмет Белгісі"ордені. "тың жерлерді игергені үшін", "Ерен еңбегі үшін", "Еңбек ардагері" медальдары, облысқа сіңірген еңбегі үшін «Павлодар облысының Құрметті азаматы».