
Украина Чернигов облысының тумасы. Білімі жоғары, жоғары партия мектебін, құрылыс техникумын бітірген. Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы. Жалпы жұмыс өтілі 56 жыл. Қаланың және облыстың барлық ірі нысандарының құрылысына қатысты - алюминий және трактор, мұнай өңдеу және химиялық зауыттар.
Шеберден құрылыс басқармасының директорына дейінгі жолды өтті. Ұзақ уақыт бойы "Құрылыс" ГСУ ЖШС басқарды. Осы уақыт ішінде қалада көптеген әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандар салынды. Олардың ішінде Павлодар қаласының жағалауы, Благовещенск кафедралды соборы, М. Жүсіп ат. мешіт бар және т. б.
Құрылыс саласында, мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық құрылымдарда еңбек етіп жүрген жоғары білікті мамандардың бір буынды тәрбиелеген. Құрметті демалысқа шыққаннан кейін Павлодар қаласының қоғамдық өміріне белсене қатысты, "Құрылыс" ГСУ ЖШС Бас директорының кеңесшісі болды.
Марапаттары: "Құрмет" ордені, "Ерен еңбегі үшін", "Тың жерлерді игергені үшін", "Еңбектегі ерлігі үшін", "Ерен еңбегі үшін" медальдары, "Облысқа сіңірген еңбегі үшін", "әлеуметтік жарыс үздігі", "Коммунистік еңбек екпіні" төсбелгілері; "Еңбек ардагері", "Қазақстанның Құрметті құрылысшысы" атақтары, қала және облыс әкімдерінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары. В. Д. Мезьконың есімі "Қазақстанның сәулет және құрылысы" Алтын кітабына енгізілді.