
Павлодар облысының тумасы. Білімі жоғары. 1969 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірді. Құрметті құрылысшы және ҚР ағарту ісінің үздігі, республикалық дербес зейнеткер. Павлодар қалалық халық депутаттары Кеңесінің Атқарушы комитетінің төрағасы, Павлодар облыстық атқарушы комитеті төрағасының орынбасары, Павлодар облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді.
Оның есебінде Екібастұз - Целиноград темір жол желісін электрлендіру, зауыттардағы темір жолдарды салу және пайдалануға беру.
Марапаттары: "Құрмет Белгісі" ордені, Павлодар қ. Теміржол вокзалы құрылысы үшін ВДНХ күміс медалі.