
Павлодар облысының тумасы. Білімі жоғары. 1971 жылы Павлодар индустриялық институтының инженер-құрылыс факультетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. 1989 жылы КСРО Минкеңесі жанындағы Халық шаруашылығы академиясының жоғары буыны басшыларының біліктілігін арттырудың толық курсынан өтті.
Еңбек жолын 1965 жылы Шарбақты ауданының қарабидай орта мектебінде физика және математика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған, институтты бітіргеннен кейін 27 жыл "Павлодарпромстрой" трестінде жұмыс істеді, шеберден Бас директорға дейін еңбек жолын жүріп. Николай Иванович Павлодар қаласының көптеген индустриалды нысандарын салуға тікелей қатысты. Олардың қатарында: Павлодар мұнай өңдеу, алюминий, трактор, химия зауыттары бар.
1998 жылдың сәуірінде Н. И. Чмых Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалды. Оның жұмыс істеген кезеңінде әкімдік бюджет тұрақтандырылды, жұмыссыздық төмендеді, шағын бизнестің үлес салмағы өсті, өнеркәсіп кәсіпорындарының қайта жаңғыруы басталды, Павлодар қаласының келбеті де өзгерді. Павлодар әкімі лауазымында Николай Иванович православиелік храмның, орталық мешіттің, Мәдени-демалыс және диагностикалық орталықтардың құрылысына, сондай-ақ Ертіс өзенінің жағалауын жайғастыруға басшылық етті.
Марапаттары: "Құрмет" ордені, әлем қорының алтын медалі, князь Даниил Московскийдің 3-ші дәрежелі ордені, "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" белгісі, медальдар.