Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Қайырбеков Төкен Қайырбекұлы - (1931-2012 ж.ж.)

Білімі жоғары. 1957 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері. Еңбек жолын 1959 жылы Целиноград облысы Вишневская аудандық эпидстанциясының бас дәрігері болып бастаған. Тың өлкесінің денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.  Павлодарда 1965 жылдың қараша айынан 1985 жылдың наурыз айына дейін облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1985 жылдың наурыз айынан бастап денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетін басқарды. Басқарма кезеңінде Қайырбеков Төкен облыстық денсаулық сақтау бөлімі, содан кейін денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитеті Павлодар қаласы және жалпы облыстың денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Үлгілік ауруханалар, емханалар, дәріханалар салынды. Оның бастамасымен жергілікті тұрғындар қатарынан дәрігерлік кадрларды дайындау үшін 15 жыл бойы Семей медициналық институтына студенттерді қабылдау бойынша көшпелі комиссия жұмыс істеді, дәрігерлерді жетілдіру факультеті ашылды, облыстың медицина қызметкерлеріне арналған санаторий - профилакторий ұйымдастырылды.

Марапаттары: “Құрмет Белгісі” ордені, “Еңбек Қызыл Ту” ордені, ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы, “ерен еңбегі үшін”, “Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін”, “Денсаулық сақтау ісінің үздігі” белгісі»

Дата публикации
23 декабря 2021
Дата обновления
23 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы