
Ресей Федерациясы Новосібір облысының тумасы. Білімі жоғары. 1951 жылы Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірді. Тарихшы-өлкетанушы, Республикалық маңызы бар дербес зейнеткер.
Мария Серафимовна 20 кітап пен брошюраның авторы: «Павлодарцы на полях сражений», «Командир крейсера «Аврора» на Иртыше», «Павлодар-это нашей истории строки», «Наш Павлодар», «Почетные граждане города Павлодара» кітабының қос авторы және т. б. Павлодар Ертіс өңірінің тарихы, партия қозғалысы, комсомол және т. б. 400-ден астам мақаланың авторы.
Марапаттары: “Құрмет Белгісі” ордені, КСРО Журналистер одағының облыстық бөлімшесі сыйлығының лауреаты, Қазақ тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының құрметті мүшесі, Павлодар индустриялық институтының (қазіргі С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті) Құрмет Кітабына мәңгі енгізілген. Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты.