
Шығыс Қазақстан облысының тумасы. 1949 жылдан бастап Павлодар қаласында тұрған. Жүргізушілер оқу курсын бітіріп, зейнеткерлікке шыққанға дейін 40 жылдан астам облыстық тұтыну одағы жүйесінде жүргізуші болып жұмыс істеді.
Марапаттары: 3-ші және 2-ші дәрежелі Еңбек Даңқы ордені, Халықтар Достығы ордені, “Ерен еңбегі үшін”, “Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін” медальдары, еңбек ардагері, Кеңес тұтыну кооперациясының үздігі, 9-шы бесжылдықтың екпіні.