
Ресей Федерациясы Брян облысының тумасы. Білімі жоғары. 1978 жылы Павлодар педагогикалық институтын бітірді.
1979-2000 жылдары-облыстық балалар олимпиадалық резерв спорт мектебінің және “Динамо” ерікті спорт қоғамының жаттықтырушысы.
Борис Петрович әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасы құрама командасының аға жаттықтырушысы болды. 2000 жылдан бастап-Қазақстан Республикасы Ұлттық штаттық командасының бас жаттықтырушысы. Ол келесі спортшыларды дайындаған: Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Л. В. Прокашева, конькимен жүгіру спорты бойынша чемпиондар Т. Савельева, Т. Бабийчук және т. б.
Марапаттары: “Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы” атағы, “Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері” атағы.