
Павлодар облысының тумасы. Білімі жоғары. Техника ғылымдарының кандидаты. Мәскеу инженерлік-техникалық институтын, Аспирантураны бітірген, диссертация қорғады. Жалпы жұмыс өтілі 30 жыл.
Павлодар индустриалды институтында 1964 жылдан бастап жұмыс істеді. 11 жылдан астам оқу ісі жөніндегі проректор, 1979 жылдың тамыз айынан 1992 жылдың наурыз айына дейін кешкі факультеттің деканы болып қызмет атқарды. Бірнеше рет жергілікті билік органдарының депутаты болып сайланды. 1995 жылы Қаратай Жүсіпұлына Республикалық маңызы бар дербес зейнеткер атағы берілді. Жоғары білікті мамандарды, ғылыми және инженерлік кадрларды даярлау ісіне үлкен үлес қосты
Марапаттары: Павлодар облыстық мәслихатының Құрмет грамотасы, медальдармен.