Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Әби Сарқыншақұлы Сарқыншақов - (1934-2022 жж.)

Қызылорда облысының тумасы. Білімі жоғары. 1956 жылы Ташкент теміржол көлігі инженерлері институтын бітірді. Қазақстан Республикасының дербес зейнеткері.

Павлодар қаласында 1956 жылдан бастап станция кезекшісінен “Павлодар”станциясының бастығына дейін еңбек жолын өтті. 1975 жылдан 1996 жылға дейін Целинный темір жолының Павлодар бөлімшесін басқарды. Оның тікелей қатысуымен Павлодар станциясы Кеңес Одағының, одан кейін Тәуелсіз Қазақстанның ірі теміржол тораптарының біріне айналды. Алғашқы отыз жыл ішінде Павлодар темір жол бөлімшесі жүк айналымын 12 есеге, ал жүктерді жөнелту көлемін – 90 есеге арттырды. Барлық ССРО - да мұндай қарқынмен тек павлодарлықтар ғана мақтана алды.

1996 жылғы шілдеде Әби Сарқыншақұлы-бас кеңесші, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің мүшесі. КОКП 27 съезінің, Қазақстан КП 17 съезінің делегаты болып сайланды, бірнеше рет жергілікті өкілді орган-мәслихат депутаты болып сайланды. Айта кету керек, оның басшылығымен Павлодарда балалар темір жолы салынды. Құрметті демалысқа шыққаннан кейін Әби Сарқыншақұлы Павлодар қаласының қоғамдық өміріне белсене қатысады.

Марапаттары: “Ленин” ордені, “Құрмет” ордені, “Құрмет Белгісі” ордені, “Октябрь революциясы” ордені, медальдармен марапатталған. “Павлодар облысының Құрметті азаматы”, “Құрметті теміржолшы”, “Қазақстанның еңбек сіңірген көлік қызметкері”, “Облысқа сіңірген еңбегі үшін”төс белгісімен марапатталған.

Дата публикации
23 декабря 2021
Дата обновления
23 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы