Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Борис Васильевич Исаев - (1932-2018 ж.ж.)

Солтүстік Қазақстан облысының тумасы.  Білімі жоғары. 1955 жылы Владивосток қаласындағы жоғары инженерлік теңіз училищесін, 1964 жылы Мәскеу қаласындағы КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірді.

Мемлекеттік саяси қайраткер. Павлодар облысы партия облыстық комитетінің бірінші хатшысы, Халық депутаттары облыстық кеңесінің төрағасы, республикалық Халықтық бақылау комитетінің төрағасы.  Еңбек жолы цех бастығынан облыстық халық депутаттары Кеңесінің төрағасына дейін өтті. Павлодар облысының ең көрнекті басшыларының бірі.

Оның басшылық кезеңі Павлодар өңірі үшін, оның ішінде Борис Васильевич ерекше назар аударған Павлодар қаласы үшін ең жемісті болып саналады.

Б. В. Исаев Павлодар облысының халық шаруашылығының негізгі салалары жұмысының тиімділігін арттыруға және қалыптасуына үлкен үлес қосты. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 9-шы, 10-шы, 11-ші шақырылымының және КСРО Жоғарғы Кеңесінің 10-шы шақырылымының депутаты.

Құрметті демалысқа шыққаннан кейін шығармашылықпен айналысты. “Василий Луков”деген лақап атпен поэтикалық жинақтардың авторы.

Марапаттары: “Октябрь революциясы” ордені, “Құрмет Белгісі” ордені, “Еңбек Қызыл Ту” ордені, мерейтойлық медальдар, “Құрметті энергетик” белгісі, “Павлодар облысының Құрметті азаматы” атағы және т. б.

Дата публикации
23 декабря 2021
Дата обновления
23 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы