Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Лаврентий Иванович Блинов - (1928-2017 жж.)

Ресей Федерациясының Нижегород облысының тумасы. Білімі жоғары. 1952 жылы Қазан мемлекеттік медициналық институтын бітіріп, сол жылы денсаулық сақтау министрлігінің жолдамасы бойынша Павлодар қаласына жіберілді. Еңбек жолын санитарлық дәрігер болып бастады. Павлодар санэпидемстанциясының бас дәрігері болып жұмыс істеді. 1956 -1988 жылдары Павлодар қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі. Осы жылы Павлодар қаласында халыққа жоғары білікті медициналық көмек көрсету деңгейі айтарлықтай өсті, Денсаулық сақтау желісінің материалдық-техникалық базасы нығайтылды, медицина қызметкерлерінің біліктілігі жүйелі түрде өсті.

1956 -1987 жылдары 15 рет Павлодар қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды.

Зейнеткерлік демалысына шыққаннан кейін 1988 жылы дәрігер-дерматолог қызметін 1997 жылға дейін жалғастырды. Қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысты.

Марапаттары:

“Құрмет Белгісі” ордені, “Денсаулық сақтау үздігі” белгісі, бес медаль, ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің грамоталары және т. б.

Дата публикации
15 декабря 2021
Дата обновления
15 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы