
Ақмола облысының тумасы. Білімі жоғары - инженер-металлург. 1958 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын бітірген. Алюминий өнеркәсібінің еңбек ардагері КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген металлургі, “Қазақстан алюминийі” АҚ президентінің кеңесшісі, техника ғылымдарының кандидаты, ҚР Минералдық ресурстар академиясының тілші-мүшесі, Қазақстан Республикасының өнеркәсіп саласына елеулі үлес қосты. Павлодар қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы болды.
Марапаттары:
“Еңбек Қызыл Ту” ордені, “Халықтар Достығы” ордені, “Құрмет Белгісі” ордені, медальдар, грамоталар, ҚазКСР еңбек сіңірген рационализаторы атағы, КСРО алюминий өнеркәсібінің үздік өнертапқышы атағы, “КСРО түсті металлургиясының үздік өнертапқышы” атағы, “Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері” атағы, КСРО Министрлер Кеңесінің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.