
Ресей Федерациясының Пермь өлкесінің тумасы. Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Даңқ орденінің толық кавалері. Майданда 1943 жылдан. 414 атқыштар дивизиясының 1-ші атқыштар батальонының сержанты, өзін Карел, Белоруссия және Балтық майдандарындағы шайқастарда ерекше көрсетті.
1944 жылы 1 шілдеде Олонецк ауданы Гиж көлі үшін болған шайқаста ефрейтор П. Пешин жараланды, бірақ барлық қарсыластар жойылғанша ұрыс даласынан шықпады. Тек көмек келгенде ол медициналық батальонға эвакуацияланды. Осы шайқас үшін ол III Даңқ орденін алды. Шайқастардың бірінде жаудың 10-ға жуық жауынгерін жеке-жеке жойып жібергенде 1945 жылы Екінші Даңқ орденін алды, ал взвод командирі қатардан шығып кеткен кезде П. Пешин командирлік етті. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1951 жылғы 20 желтоқсандағы Жарлығы негізінде 1-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған.
Павлодар қаласына алғашқы тың игеруші болып келді, құрылыс нысандарында бульдозер болып жұмыс жасады және қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысты.
Марапаттары:
III, II, I дәрежелі Даңқ ордендері, әскери медальдар, еңбек және мерейтойлық медальдар. Павлодар қаласының Даңқ аллеясында Жеңіс саябағында П.В. Пешинге ескерткіш орнатылды.