
Ақмола облысының тумасы. Білімі жоғары - саяси. 1962 жылы Қазақстан КП ОК жанындағы Жоғары саяси мектебін бітірді. Темірғали Қоңырбаев шаруа қожалығының жұмысшысының отбасында дүниеге келген. 1932 жылы паровоздарды жөндеу бойынша Омбы темір жолының Ақмола станциясының ФЗУ мектебін бітірді. 1954 жылы Павлодарға көшпестен бұрын ол әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді: машинисттің көмекшісі, машинист, Қарағанды темір жолының Жезқазған филиалы саяси бөлімінің нұсқаушысы, сонымен қатар партиялық жұмыстарда.
Павлодарда Павлодар теміржол басқармасы Саяси бөлімі бастығының орынбасары, локомотив депосының аға инженері және кадрлар бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 1958 жылы Қазақ темір жолының Павлодар филиалының аудандық кәсіподағының жауапты хатшысы болып сайланды, онда 1962 жылға дейін жұмыс істеді. 1962 жылдың қаңтарынан зейнеткерлікке шыққанға дейін «Павлодар» станциясындағы вагон депосының КБ бастығы болды. Зейнеткерлік демалысқа шыққаннан кейін, ол Павлодар станциясындағы депода слесарь болып жұмыс істеді.
Марапаттары:
«Еңбек Қызыл Ту» ордені, «Еңбек ерлігі үшін» медалі және т.б.