
Ресей империясы Владимир губерниясының тумасы. Павлодар қаласының алғашқы Құрметті азаматы. Павлодар үйезіне XIX ғасырдың 70-жылдарының басында қоныс аударушылардың алғашқы толқынымен түсті. 20 жасында, қайын атасы – әйгілі көпес қайтыс болғаннан кейін капиталдарын мұра етіп, 2-ші гильдияның көпесі болды.
1886 жылы 1-ші гильдияның көпесі болды. Оның айналым капиталы 1 миллион 700 мың рубльді құрады. Кірпіш зауыттарына ие бола отырып, өзіне сауда үйін (қазіргі кезде тарихи-өлкетану мұражайы) және екі қабатты тұрғын үйді салды, банкроттықтан кейін ол ғимаратта орыс-қырғыз мектебі болды, онда Қазақ КСР Ғылым академиясының бірінші президенті Қ. И. Сәтбаев оқыды, ал кеңес кезінде Павлодар облысының ІІҰК басқармасы, кейіннен онкологиялық ауруханасы орналасқан.
Артемий Иванович қалалық мектеп (қазіргі педагогикалық колледж), шіркеу, қоғамдық кітапхана, дәріхана, бірқатар тас ғимараттар салған, көптеген оқу орындарының қамқоршысы, Павлодар Қызыл Крест комитетінің, Қамқоршылық қоғамының құрметті төрағасы және құрметті магистр болды. 1886 - 1896 жылдар аралығында ол әкім болып сайланды, яғни ол Павлодар қаласының басшысы болды.
Марапаттары:
Император Николай II-нің 1896 жылғы 10-шілдедегі жарлығымен және Дала генерал-губернаторы Барон фон Таубе 1896 жылы 8-тамыздағы бұйрығымен оған «Павлодар қаласының құрметті азаматы» атағы, жігер үшін Алтын медалі (1889) және 3-дәрежелі Қасиетті Анна ордені (1896), 2-дәрежелі «Қасиетті Станислав» ордені (1897) берілді. 1902 жылы оған Дала өлкесінің генерал-губернаторы Сухотин «Сауда кеңесшісі» атағын берді. Павлодар көшелерінің біріне А.Деровтің есімі берілген.