
«Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының 2021 жылғы 02 сәуірдегі «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» № 2-01/17 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын басшылыққа ала отырып, 2021 жылғы 5 қаңтар-31 наурыз аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жұмыс тобының келесі мүшелері жүргізді: «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының орынбасары С.А. Айтпаев, құжаттамалық және құқықтық жұмыс секторының меңгерушісі А. Е. Еспаева, жер телімдерін ресімдеу секторының меңгерушісі О. М. Жолдасов, жер телімдерін алып қою секторының меңгерушісі А. Ж. Мамыканов, мониторинг және ақпараттық қызметтер секторының меңгерушісі Д. Б. Қасенов.
Бөліммен тұрғындарға мемлекеттік қызметтің 8 түрі көрсетіледі.
1. Жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту.
2. Жер телімінің мақсатты нысанын өзгертуге шешім беру.
3. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер телімін пайдалануға рұқсат беру.
4. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру.
5. Сауда-саттықты (конкурстар мен аукциондарды) талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер теліммдеріне құқықтарды алу.
6. Жер телімдерін алуға кезекке қою.
7. Жер телімдерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау.
8. Жер телімін жеке меншікке сату, бір рет немесе бөліп төлеу.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі алты мемлекеттік қызмет көрсететін Бөлімнің екі секторының қызметі болып табылады:
Рәсімдеу секторы-4 қызмет ;
Алу секторы-2 қызмет;
2021 жылдың 1 тоқсанында секторлар 1383 қызмет көрсетті.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактісі анықталған жоқ, шағымдар мен ұсыныстар түскен жоқ.
Секторлар өз қызметін Павлодар қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 64/1 қаулысымен бекітілген «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлімде өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда кедергілер жасалмайды, өйткені Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және ҚР Жер кодексін нақты ұстанады.
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51-бабын орындау үшін, егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, мемлекеттік қызметшінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салынады. Бөлімде мүдделер қақтығысы жоқ.
Бөлімнің барлық мамандары этикалық Кодекспен танысты. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзуы анықталған жоқ.
Талдау кезеңінде Бөлім мамандарына тәртіптік жаза қолданылған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілерді оқыту бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі,талдау кезеңінде Бөлімнен 3 маман онлайн-оқыту режимінде өтті.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша барлық қажетті ақпарат Бөлімнің сайтында, ақпараттық стендтерде және тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мамандарда бар.
Жұмыс тобы талдау жүргізу кезінде мынадай ақпаратты зерттеді: бақылау және қадағалау органдарын тексеру нәтижелері, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, сектор қызметін,оның ішінде Бөлім секторлары бойынша қозғайтын сот актілері мен нормативтік - құқықтық актілер:
1. Жер телімдерін рәсімдеу секторы.
Сектор мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді:
1. Жер телімінің мақсатты нысанын өзгертуге шешім беруіне - 47 қызмет (Веб-портал) арқылы көрсетіледі.
2. Жер телімін жеке меншікке бөліп-бөліп сату.(Веб-портал) арқылы 113 қызмет көрсетілді, порталдың жетілдірілмеуіне байланысты Бөлім кеңсесі арқылы қызмет көрсетеміз.
3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер телімдеріне құқықтарды алу үшін 94 қызмет көрсетілді.(Веб-портал), порталдың пысықталмауына байланысты Бөлімнің кеңсесі арқылы қызмет көрсетеміз).
4. Жер телімдерін алуға кезекке қою. (Бөлім кеңсесі арқылы) - 74 қызмет. (кеңсе).
Секторда-3 мемлекеттік қызметші, бос жұмыс орындары жоқ.
1. Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша мынадай сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:
1) Көрсетілетін қызметті алушыны және оның құқық белгілейтін құжаттарын сәйкестендіру үшін ақпараттық базаның («электрондық үкімет» шлюзі) болмауы, өйткені «Жер телімінің мақсатты нысанын өзгертуге шешімдер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының «Сауда-саттықты талап етпейтін жер телімдеріне құқықтарды алу» 9-тармағында көрсетілетін қызметті беруші қажетті мәліметтерді «Электрондық Үкіметтің» тиісті ақпараттық жүйелерінен алуы тиіс.
Соның негізінде «Павлодар облысы жер қатынастары басқармасы» ММ, «Павлодар қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бөлімі» ММ Ережеге енгізілген өзгерістерге сәйкес жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйесіне қосу жөніндегі іс-шараларды орындауға жәрдемдесу және Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ-ға («ҰАТ АҚ») сұрау салуды қайта бастау туралы хаттар жіберілді.
Сондай-ақ, «Жер телімінің мақсатты нысанын өзгертуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде мүдделі коммуналдық қызметтермен («Павлодар-Водоканал» ЖШС, «ПТС» ЖШС, «Павлодар электржелістік Тарату компаниясы» (ПАК) АҚ, «Павлодар электржелістік Тарату компаниясы» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ) келісу талап етіледі. Бірақ осы коммуналдық қызметтермен ұзақ уақыт келісуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылады, нәтижесінде мемлекеттік органдардың жауапты орындаушыларына тәртіптік жауапкершілік пен әкімшілік айыппұл салынады.
Соның негізінде, осы мәселені шешуде мемлекеттік қызметтерді қарау мерзімдерін бұзғаны үшін коммуналдық қызметтердің әкімшілік жауапкершілігін қолданыстағы заңнамаға енгізу арқылы «ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ-не көмек көрсету туралы хат жолданды.
ҚР Жер кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЖК) 49-1 - бабы 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес, жер телімінің мақсатты нысанын өзгерту кезеңдерінің бірі, елді мекен шегінде орналасқан жер телімін мақсатты нысаны құрылыс үшін өзгерген жағдайда, өтініш беруші белгісіз мерзімде тапсырыс беретін және төлейтін жер телімінің жер-кадастрлық жоспарын жасау болып табылады.
2) ЖТҚ үшін көзделген бос жер алаңдарының болмауына байланысты Павлодар қаласы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы (бұдан әрі-ЖТҚ) үшін жер телімін алуға кезекке қоюға өтініштерді қабылдаудың орынсыздығы. 2021 жылдың ағымдағы кезеңінде Павлодар қаласы бойынша кезекте 1065 адам тұр.
Осыған байланысты, «Павлодар облысы жер қатынастары басқармасы» ММ-не осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы жер заңнамасының нормаларына ресми түсіндірме алу туралы хат жолданды.
3) Меншікке және жер пайдалануға жер телімдерін беру бойынша қалалық комиссияның (бұдан әрі-Комиссия) отырыстарын уақтылы өткізбеу, бұл мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін және өтініш берушілер тарапынан шағымдардың сақталмауына әкеп соғады.
4) Апта сайынғы негізде Комиссия отырыстарын өткізу туралы жер мәселелері бойынша жетекшілік ететін Павлодар қаласы әкімінің орынбасарының атына қызметтік хат жолдау - ұсынылады.
2. Сектордың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді талдау барысында келесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды, атап айтқанда қолданыстағы заңнамадағы қайшылықтар:
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ҚР ЖК қолданыстағы нормаларына қайшы келеді. Мысалы, ҚР ЖК 43-бабының 3-тармағына сәйкес жер телімін берудің жалпы мерзімі 2 айға дейін белгіленген, бұл мерзімге жерге орналастыру жобасын дайындау мерзімі кірмейді, ал «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер телімдеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсету мерзімі 30 жұмыс күні болып белгіленген.
2) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер телімдеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында талап етілетін құжаттардың толық тізбесі жоқ. ҚР ЖК 48 және 52-баптарына сәйкес пайдалану және ұстау үшін қолданыстағы объектілерге меншік құқығын растайтын құжаттардың, сондай-ақ сұратылып отырған жер телімінің жұмыспен қамтылуы туралы ауыртпалықтардың және мәліметтердің болуы қажет. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші осы құжаттарды талап етуге құқылы емес, өйткені мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының тізбесінде осы құжаттар көзделмеген.
Осы қызметті көрсету кезінде стандарттың Жер кодексімен сәйкес келмеуі, атап айтқанда шарттарды дайындау мерзімі қай сәттен бастап есептеледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде «Жер телімінің мақсатты нысанын өзгертуге шешім беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер телімдеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында Қазақстан Республикасының Жер кодексімен қайшылықтар туындайды.
Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жер телімдерінің мақсатты нысанын өзгерту туралы келіп түскен өтініштер ағымдағы кезеңге мәлімет үшін «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ (бұдан әрі – Бөлім) келіп түседі. Бөлім жер телімдерінің мақсатты нысанын өзгерту мүмкіндігін коммуналдық қызметтермен келісуді жүргізеді және ілеспе хатпен осы өтініштер Павлодар қаласының Бас жоспарына жер телімдерінің мақсатты нысанының сәйкестігін келісу үшін қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне жіберіледі, содан кейін меншікке және жер пайдалануға жер телімдерін беру бойыншаі қалалық комиссияның отырысына шығарылады.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 49-1-бабына сәйкес қаланың жергілікті атқарушы органы бір жұмыс күні ішінде жер телімінің мақсатты нысанын өзгерту туралы келіп түскен өтінішті құзыреті шегінде облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органына не тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне жібереді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы не жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құзыреті шегінде жер телімін мәлімделген мақсатты нысаны бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және оны бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге келісуге жібереді.
Инфрақұрылым саласындағы келісуші органдар бес жұмыс күні ішінде жер телімін мәлімделген мақсатты нысаны бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар беруге тиіс. Бірақ мүдделі тиісті коммуналдық қызметтермен уақтылы келіспеу фактісі бар, бұл өз кезегінде жер телімінің мақсатты нысанын өзгертуге арналған өтініштерді қарау мерзімдерінің бұзылуына әкеледі.
Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінде жер телімін таңдау жөніндегі комиссия құрылып, жұмыс істейді, ол қаланың коммуналдық қызметтерімен құрылыс үшін сұралатын жер телімдерін келісуді жүргізеді және сонымен бір мезгілде мақсатты нысанын өзгертуге жататын жер телімдерін келісуді жүргізеді. Бұдан басқа, қаланың бас жоспарына келісуді қалалық сәулет бөлімі де жүзеге асырады, осыған байланысты материалдарды Бөлімнен бөлімге беру қажеттілігі жойылады. Бұл фактілер өтініштерді қарау мерзімінің қысқаруына және Бөлімде қосымша келісуге тура келетін комиссия мүшелерінің жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға әкеледі.
2. Жер теліидерін алып қою секторы.
Жер телімдерін алып қою секторы қазіргі уақытта екі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1. «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер телімін пайдалануға рұқсат беру» -1 қызмет. вэб порталы
2. «Жер телімдерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтау» бойынша 162 қызмет көрсетілді. Бөлімнің кеңсесі арқылы.
Секторда-4 мемлекеттік қызметші, бос жұмыс орындары жоқ.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар.
1. Жер қатынастары саласындағы қолданыстағы заңнамамен қайшылықтарды болдырмау мақсатында ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару Комитетіне мемлекеттік қызметтердің қолданыстағы стандарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хат жолдансын.
2. «Жер телімінің мақсатты нысанын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде жоғарыда көрсетілген қызметтің қолданыстағы стандартына сәйкес барлық рәсімдерді (жер комиссиясын өткізу үшін мемлекеттік құқықтық бөлімімен келісе отырып, сапалы құжаттама дайындау) орындау және көрсету мерзімдерін сақтау қажет.
3. Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін жоғары тұрған органдармен «Электрондық Үкіметтің» ақпараттық жүйелерін енгізу мәселесін пысықтау. Көрсетілетін қызметті алушыны және оның құқық белгілейтін құжаттарын сәйкестендіру үшін ақпараттық базаның болмауы, өйткені «Жер телімінің мақсатты нысанын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілетін қызметті беруші қажетті мәліметтерді «Электрондық Үкіметтің» тиісті ақпараттық жүйелерінен алуы тиіс.
4. Тоқсан сайынғы негізде ҚР қолданыстағы заңнамасы мен стандарттарына енгізілген өзгерістерді зерделеу бойынша дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізу.
5. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды іске асыру мерзімдері 2021 жылдың соңына дейін.
«Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі»
ММ басшысы Қ. Жаминов