
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-6-бабына сәйкес 2021 жылғы 2 қыркүйекте Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері Жетекші ауылы әкіміне кандидат Ерлан Оралұлы Қалиевтің өтінішін қарап, шешім қабылдады:
Кандидат Е. О. Қалиевтің әкімдікке тіркелуі жойылсын. Е. О. Қалиев сайлау бюллетеніне тіркелген кандидаттар тізімінен шығарылсын.