Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Жетекші ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

2021 жылғы 25 тамызда Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «Павлодар қаласы Жетекші ауылы әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы» қаулы қабылданды.

Отырыста комиссия төрағасы З. Қ. Мұқашева 2021 жылғы 25 тамызда сағат 18-00 – дегі жағдай бойынша ұсынылған 4 кандидаттың 4 тіркелгені туралы хабарлады, оның ішінде: Nur Otan партиясынан - 1, өзін-өзі ұсынғандар - 3.

4 кандидаттардың ішінде әйелдер жоқ. Кандидаттардың орташа жасы - 37 жас. Ең үлкен үміткер - 45 жаста, ең жас - 30 жаста.

Мамандықтары бойынша кандидаттар: стандарттау, метрология және сертификаттау – 1, мемлекеттік жергілікті басқару – 1, мұғалім - 2, оның ішінде бір экономист.

Кандидаттар арасында: 2 - мемлекеттік қызметшілер, 2 - мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері.

25 тамыз күні сағат 18-00-ден бастап Жетекші ауылы әкіміне тіркелген барлық кандидаттар 2021 жылғы 4 қыркүйек күні сағат 00:00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес кандидаттар үшін БАҚ өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут, радиода - 10 минут, мерзімді баспасөз басылымдарда екі мақаланы жариялау үшін - 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.

Кандидаттың тегі, аты,

әкесінің аты

Туған жылы

Атқаратын лауазымы (жұмысы), жұмыс орны, тұрғылықты жері, ұсыну тәсілі

Абдрахманов Нұрлыбек Маратұлы

1985

басшы, «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы,

Павлодар қаласы, «Nur Otan» партиясы» ҚБ ұсыну

Жакин Олжас

1991

жастар саясаты секторының меңгерушісі,

«Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ,

Павлодар қаласы, өзін-өзі ұсыну

Алимжанов

Арман Джумагалиевич

1982

тарих және география пәнінің мұғалімі, «Богдановка жалпы білім беретін негізгі мектебі» КММ,

Павлодар қаласы, Жетекші ауылы, өзін-өзі ұсыну

Қалиев

Ерлан Оралұлы

1976

«Павлодар қаласы дене шынықтыру бөлімінің балалар-жастар спорт орталығы» КММ басшысы,

Павлодар қаласы, өзін-өзі ұсыну

Дата публикации
25 августа 2021
Дата обновления
25 августа 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы