
2021 жылдың 16 тамызында Ерлан Оралұлы Қалиев өзін-өзі ұсыну тәртібімен Жетекші ауылының әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарын ұсынды.
Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттар ұсыну 2021 жылғы 20 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.