
Ағымдағы жылғы 10 тамызда Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері З. Қ. Мұқашева, Л. И. Кузьменкова № 134 сайлау учаскесіне барып, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелеріне« ҚР сайлау туралы» Заңының 18 бабы –«Учаскелік сайлау комиссияларының өкілеттігі», 39 бабы «Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайларды жабдықтау» бойынша семинар өткізді.
Заңның жоғарыда аталған баптарының негізгі тармақтары бойынша, соның ішінде сайлаушылар тізімдерін нақтылау, мүмкіндігі шектеулі адамдардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдау, дауыс беру күні сайлаушылар үшін жағдай жасау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.