Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Жетекші ауылы әкімінің сайлауын дайындау және өткізу бойынша Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссия отырысының №11 ХАТТАМАСЫ

Өткізу күні: 2021 жылғы6 тамыз, сағат 9.00

Өткізу жері: Павлодар қаласы, Қайырбаев к-сі, 32, 105 каб.

Қатысушылар:  Мұқашева З. Қ. –комиссия төрағасы;

Б.Д.Шепеленко–комиссия төрағасының орынбасары;

А. Е. Қазбекова–комиссия хатшысы;

О. Қ. Бәшірбаев, С. А. Гуторов, Л. И. Кузьменкова, Н. П. Кузят–комиссия мүшелері.

Күн тәртібі

1. Жетекші ауылы әкімін сайлауға сайлау округін құру туралы.

2. Жетекші ауылыәкімінің сайлау күнін тағайындау туралы.

3. Жетекші ауылыәкімінің сайлауға дайындық және оны өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы.

1. А. Е. Қазбекова сөз сөйледі:

Комиссия хатшысы Жетекші ауылының әкімшілік-аумақтық бірлік аумағының шекарасында әкім сайлауын өткізу үшін сайлау округін құру қажеттігін хабарлады.

Комиссия мүшелері хабарламаны талқылап, Жетекші ауылыаумағының шекарасында бірыңғай Жетекші сайлау округін құру туралы пікірге келді.

2. З. Қ. Мұқашева сөз сөйледі:

Жетекші ауылыәкімінің өкілеттігі а. ж. 12шілдедемерзімінен бұрынаяқталды.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап бір ай ішінде тағайындайды және олар тағайындалған күннен бастап отыз күн ішінде өткізіледі. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Жетекші ауылы әкімінің сайлауы 2021 жылдың 5 қыркүйекке тағайындалады.

3. Б.Д.Шепеленкосөз сөйледі:

Комиссия төрағасының орынбасары сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларға, оларды өткізу мерзімдеріне, БАҚ-та сайлау округтің, учаскелік сайлау комиссиясының тізімін, оның шекаралары мен орналасқан жерін, АСК, УСК құрамын көрсете отырып, уақытылы жариялауға назар аударды. Сайлау науқанының рәсімдері туралы, кандидаттарды ұсыну, тіркеу және сайлау алдындағы үгіт мерзімдері туралы, дауыс беруге жағдай жасау жөніндегі іс-шаралар туралы хабарлады.

Жетекші ауылы әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітуге дайындалды.

Танысуларыңызды және бекітуіңізді сұраймын.

Шешті:

1) Жетекші ауылыныңшекараларында сайлау округін құру туралы қаулы қабылдансын.

2) Жетекші ауылыәкімінің сайлауын тағайындау туралы қаулы қабылдансын;

3) Жетекші ауылыәкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін;

4) қабылданған қаулылар мен күнтізбелік жоспар БАҚ - та және Павлодар қаласы әкімдігінің сайтында ТИК интернет-беттерінде жариялансын.

5) қалалық аумақтық сайлау комиссиясы шешімдерінің орындалуын бақылау хатшы А. Е. Қазбековаға жүктелсін.

 

Комиссия төрағасы                                З. Мұқашева

Комиссияхатшысы                                А. Қазбекова

Дата публикации
06 августа 2021
Дата обновления
06 августа 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы