Павлодар

Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 5 қыркүйекке тағайындалған Павлодар облысы Павлодар қаласы Жетекші ауылы әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Павлодар қаласы аумақтық

сайлау комиссиясының  

2021 жылғы 6 тамыздағы

№ 8 қаулыға қосымша

 

 

2021 жылғы 5 қыркүйекке тағайындалған

Павлодар облысы Павлодар қаласы Жетекші ауылы

әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары

 

1. Жетекші ауылы әкімінің сайлауын тағайындау

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

2021 жылғы 6 тамыз

 (113-1-б. 2, 3-т.)

2. Сайлау округінің, оның шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей –

2021 жылғы 16 тамыздан кешіктірмей

 (22-б.)

3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей –

2021 жылғы 16 тамыздан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей – 2021 жылғы 21 тамыздан кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскесінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау           

 

Павлодар қаласының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде – 2021 жылғы 21 тамыздан кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2021 жылғы 7 тамызда басталады және 2021 жылғы 20 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

 (113-3-б. 1-т.)

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

 (4-б., 113-5-б., 11-т. 2-тт.)

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 7-т.)

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидатттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 2-т.)

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2021 жылдың 1 тамызға)

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 3-т.)

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

 (113-5-б. 4-т.)

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2021 жылғы 7 тамызда басталады және 2021 жылғы  25 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б.)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

 (28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2021 жылғы 25 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2021 жылғы 4 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

                                                                              (27-б. 2-т.)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

19. Әкім қол қойған сайлаушылардың тізімін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Павлодар қаласының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2021 жылғы 16 тамызға дейін

 (24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2021 жылғы 21 тамыздан бастап

 (26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2021 жылғы 21 тамызға дейін

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу                          

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2021 жылғы 2 қыркүйектен ерте емес және 4 қыркүйектен кешіктірмей

 (37-б. 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2021 жылғы 5 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 (38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

 (18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу  

 (43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы тиісті аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну                                               

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2021 жылғы 8 қыркүйектен кешіктірмей

 (113-10-б.)

29. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

2021 жылғы 8 қыркүйектен кешіктірмей

 (44-б.)

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2021 жылғы 11 қыркүйектен кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
06 августа 2021
Дата обновления
06 августа 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы