
Павлодар қаласы Жетекші ауылы әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты сайлауды 2021 жылдың қыркүйегінде өткізу жоспарлануда.
Қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ауыл әкіміне сайлауды тағайындау туралы шешімі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңға сәйкес қабылданады және аумақтық сайлау комиссиясының сайтында, баспа басылымдарында орналастырылады.