Павлодар

Меню

Страницы

Статья

СООБЩЕНИЕ

2021 жылғы 25 шілдеде Кенжекөл сайлау округі бойынша Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Кенжекөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Кенжекөл сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5038 азамат енгізілді, оның 1222 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 51, «Барлығына қарсы» деген жолда қойылған белгімен - 19.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:       

Қалиев Е. О. – 78; Нұрпейісов Н. Н. – 43; Сабыр Е. Т. – 158; Сақауб Қ. А. – 93; Тәйкебаева Ж. Т. – 780.

Кенжекөл ауылдық округінің әкімі болып Тәйкебаева Жұлдыз Тұяққызы сайланды, 1965 жылы туған, «Nur Otan» партиясы ұсынған Кенжекөл ауылдық округінің Кенжекөл ауылында тұрады.      

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45 бабына сәйкес 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Кенжекөл ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

         Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
26 июля 2021
Дата обновления
26 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы