Павлодар

Меню

Страницы

Статья

2021 жылда «Жетекші ауылы әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша аналитикалық анықтама

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен (бұдан әрі-№12 бұйрық) бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді, «Жетекші ауылы әкімінің аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Жетекші ауылы әкімінің 2021 жылғы 02 наурыздағы № 16/1-ө  ішкі талдау.

№ 12 бұйрықтың 8 тармағына сәйкес әкім аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

1) әкім аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

 2) әкім аппаратының ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«Жетекші ауылы әкімінің аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу 2021 жылғы 25-31 наурыз аралығында, талдау жүргізілетін кезең - 2021 жылғы қаңтар, ақпан, наурыз аралығында  жүзеге  асырылды.

«Жетекші ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкім аппараты) Жетекші ауылы әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік органдар бұрын жүргізген тексерулер нәтижелері, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және Қазақстан Республикасының заңнамасында руқсат етілген өзге де мәліметтер негізінде жүргізілді.

Әкім аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ Павлодар қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 19/1 қаулысымен бекітілген «Жетекші ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы  Ережеге сәйкес жүзеге асыратыны анықталды.

Талдау бағыты бойынша-әкім аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауда, келесі мәселелер зерттелді:

 1) персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы;

 2) мүдделер қақтығысын реттеу;

 3) мемлекеттік қызметтер көрсету;

 4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;

5) бақылау функцияларын іске асыру.

Персоналды басқару.

Әкім аппараты ауыл әкімінің өкімімен тағайындалатын және лауазымдық нұсқаулықтар негізінде өз функцияларын жүзеге асыратын 1 басшыдан (ауыл әкімі), 4 бас маманнан, 1 жетекші маманнан тұрады.

Талданып отырған кезеңде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурстық рәсімдер өткізілген жоқ.

Жұмысқа қабылданған  тұлғалардың  үлестес  болу фактілері жоқ.

Барлық мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасы бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің тексерісінен өтті, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту фактілері анықталған жоқ.

Мүдделер қақтығысын реттеу.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мүдделер қақтығысын реттеу бойынша жүзеге асырылады.                                                                         

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 1 – бабының 17) тармақшасына сәйкес мүдделер қақтығысы-мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері өзінің лауазымдық міндеттерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық. Талдау кезеңінде әкім аппаратында мүдделер қақтығысының туындауы немесе реттелді жағдайлары туындаған жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мемлекеттік қызметтер көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүзеге асырылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тзіліміне сәйкес әкім аппараты мемлекеттік қызметтердің бес түрін көрсетеді:

1) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер телімдеріне құқықтарды алу;

2) өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру;

3) жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

4) елді мекен шегінде объект салу үшін жер телімін беру;

5) жер телімін алу үшін кезекке қою.

Тексеру кезеңінде мемлекеттік қызметтер  көрсетілді:

 - қаңтар -0;

 - ақпан-0;

 - наурыз -0.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ. Шағымдар мен ұсыныстар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша барлық қажетті ақпарат Павлодар қаласы әкімдігінің сайтында, ауыл әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратының ақпараттық стендінде бар.

«Жер телімін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметті көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар, өйткені қызмет көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыста қағаз форматта көрсетіледі, жер телімін алуға кезекке қою жер комиссиясының отырысын талап етеді, бірақ өтінішті электрондық түрде берген кезде құжаттарды өңдеу және жер комиссиясының қорытындысын беру 30 минут ішінде жүргізілуі тиіс (оны нақты орындау мүмкін емес). Электрондық өтініш беру кезінде жер телімін алуға кезекке қою кезінде құжаттарды өңдеу және жер комиссиясының қорытындысын беру мерзімдерін қайта қарау қажеттілігі бар.

Рұқсат беру және бақылау функцияларын іске асыру.

Ауыл әкімі аппаратының Ережесіне сәйкес, әкім аппараты 56 функцияны жүзеге асырады, оның ішінде 46 негізгі, оның ішінде реттеуші 3,  іске асырушы  43, жалпы 10, бақылау функциясы жоқ.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру.               

Әкім аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу тәртібі  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларына, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан  Республикасы  Заңына сәйкес жүзеге  асырылады.

Тексеру  кезеңінде әкім аппаратына 5 өтініш келіп түсті:

  • заңды тұлғалардан: 1-жазбаша (1С бағдарламасын орнату үшін комерлік ұсыныс), 0-ауызша;
  • жеке тұлғалардан: 0 - жазбаша; 4 –ауызша: құрылыс мәселелері (шұңқырларды көму, балалар және спорт алаңдарын орнату); басқалары («Қазпошта» бөлімшесін ашу), ТКШ жалпы мәселелері (№ 41 автобус бағытын ұзарту).

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін бұзу фактілері жоқ екені анықталды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау, соның ішінде әкім аппаратының бас мамандарының әрекетіне ( әрекетсіздігіне) шағымдары жоқ.

Азаматтардың өтініштерін уақытылы қарауда  бұзу фактілері жоқ. Шағымдар мен ұсыныстар  түскен жоқ.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан  Республикасының  Заңын бұзу бойынша тәртіптік жазалар - жоқ.

Халықпен байланысты нығайту, қоғамдық пікірді зерделеу және азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау жөніндегі жұмысты жақсарту мақсатында ауыл әкімінің өкімімен жеке және заңды тұлғаларды жеке мәселелері бойынша қабылдаудың тоқсан сайынғы кестесі бекітіледі.

Бекітілген кестеге сәйкес ауыл әкімі күн сайын сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін азаматтарды жеке қабылдауды  жүргізеді.

2021 жылдың ағымдағы кезеңінде әкім аппаратында сыбайлас жемқорлық  құқық  бұзушылықтар болған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар.

«Жер  телімін алу үшін кезекке қою»  мемлекеттік қызметті көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар, өйткені қызмет көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыста қағаз форматта көрсетіледі, жер телімін алуға кезекке қою жер комиссиясының отырысын талап етеді, бірақ өтінішті электрондық түрде берген кезде құжаттарды өңдеу және жер комиссиясының қорытындысын беру 30 минут ішінде жүргізілуі тиіс (оны нақты орындау мүмкін емес).

Құжаттарды өңдеу және жер комиссиясының қорытындысын беру мерзімдерін 15-күннен  30 күнге дейін электрондық өтініш беру кезінен жер телімін алуға  кезекке қою кезін  қайта қарау қажет.

Осы ұсынысты орындау үшін «Павлодар қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-не мемлекеттік қызметтің орындалу мерзімін өзгерту бойынша электрондық форматта  ұсыныс жасау қажет.

 Бұл ұсынысты орындау мерзімі 2021 жылдың 1 тамызына дейін.

Анықтама 2 (екі)данада жасалды.

 


Жетекші ауылының әкімі :                                     Е. Құрмантаев

Бас маман:                                                                  Т. Шкуренко

Дата публикации
23 июля 2021
Дата обновления
23 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы