
Ағымдағы жылдың 14 шілде сағат 18:00-ге Кенжекөл ауылдық округінің әкіміне 5 кандидат тіркелді.
Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті басталды. Қала әкімінің қаулысымен кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін Кенжекөл ауылының мәдениет үйіне жалға (өтеусіз негізде) үй-жай бөлінді. Аумақтық сайлау комиссиясы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әрқайсысына кездесулер кестесін жасады, санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларды ескере отырып, кандидаттарға оларды сақтау бойынша ұсынымдар берілді.
Әкімнің жоғарыда аталған қаулысында үгіт материалдарын ілуге арналған орындар анықталды. Кенжекөл ауылында бұл Малайсары тархан, Дружба көшелеріндегі қалқандар. Осылайша, кандидаттарға сайлаушылармен кездесу және үгіт материалдарын ілу үшін тең мүмкіндіктер ұсынылған. Сондай-ақ кандидаттар үгіт материалдарын тиісті объектінің меншік иесінің жазбаша рұқсатымен өзге де жерлерде іліп қоя алады. Бүгінгі күні кандидаттар өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларын кездесулерде, онлайн-кездесулерде түсіндіреді, сайлаушыларға үгіт материалдарын тапсыра отырып, «Есіктен есікке» акциясына қатысады.