
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес 24-бап, 5-тармақ дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын жергілікті атқарушы органдар учаскелік сайлау комиссияларына сайлаушылар тізімдерін беруге тиіс.
Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде қала әкімдігі Кенжекөл сайлау округінің №50, 108, 109, 133 учаскелік сайлау комиссияларына сайлаушылар тізімдерін берді.