
Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде қалалық аумақтық сайлау комиссиясының отырысында комиссия мүшелері Кенжекөл ауылдық округі әкіміне ұсынылған кандидаттар Н. Н. Нұрпейісов, Ж. Т. Тайкебаева Мемлекеттік қызмет саласындағы ҚР заңнамасымен, «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға кандидаттың сәйкестігін анықтау үшін қажетті құжаттарды қарады.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органнан келіп түскен құжаттарға сәйкес әкімдікке кандидаттар Н. Н. Нұрпейісов, Ж. Т. Тайкебаева ҚР Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарына сәйкес келеді.