Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысы Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

2021 жылғы 25 маусымда Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Кенжекөл ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулы қабылданды.

Ағымдағы жылдың 25 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев «ҚР-дағы сайлау туралы» Конституциялық заңға түзетулерге қол қойды. Өзгерістер аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін төте сайлауды енгізуді көздейді.

Сайлау заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жиырма бес жастан төмен емес Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан төрт жыл мерзімге қызметке сайлайды.

Күнтізбелік жоспардың негізгі кезеңдері туралы Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Б. Д. Шепеленко баяндама жасады.

Оның айтуынша, кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады, яғни 26 жылдың 2021 маусымы және сайлау өтетін күннен он бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде, яғни 2021 жылдың 9 шілдесінде аяқталады.

Әкімдікке кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін он күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде, яғни 14 шілдеде сағат 18-00-де аяқталады.

Сайлау қорытындылары Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының отырысында учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірілмей белгіленеді.

Отырыстан кейін сайлау рәсімдері бойынша барлық материалдар баспа басылымдарында және АСК интернет бетінде орналастырылған.

Дата публикации
25 июня 2021
Дата обновления
25 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы