Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Кенжекөл ауылдық округі әкімінің сайлауын ұйымдастыру және өткізу бойынша ақпарат

1. 2021 жылғы 25 мамырда ҚР Президенті Қ. К. Тоқаев «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңға және ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Соның ішінде өзгерістер ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлауға қатысты болды. Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап ауыл, ауылдық округ әкімдері жалпыға бірдей тең төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы халықпен сайланатын болады.

2. Ауылдық округ әкімінің белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуы сайлау тағайындауға негіз болып табылады. Кенжекөл ауылдық округінде әкім өкілеттілігі ағымдағы жылдың 17.08 аяқталады.

3. Ауылдық округ әкімінің сайлауын аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 40 күн бұрын тағайындайды және ол заңда белгіленген өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын өткізілуге тиіс. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып: Кенжекөл ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылғы 25 шілдеге белгіленген.

4. Ауыл, ауылдық округ әкімі болып сайлану үшін Қазақстан Республикасының азаматы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 36-бабында, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда көзделген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

5. Кандидаттар:

а) саяси партиялардан;

б) өзін-өзі ұсыну арқылы;

в) жергілікті қоғамдастықпен келісім бойынша қала әкімінің ұсынуымен (егер ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылса) ұсынылуы мүмкін.

6. Ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталды 26 маусымда басталды және сайлау өткізілетін күннен он бес күн бұрын 9 шілдеде сағат 18-00-де аяқталады.

7. Тіркеуді аумақтық сайлау комиссиясы жүзеге асырады. Тіркеудің басталуы - қажетті құжаттарды алғаннан кейін және аяқталуы - сайлау өткізуден 10 күн бұрын 14 шілдеде сағат 18-00-ге дейін.

8. Сайлау алдындағы үгіт 14 шілдеде сағат 18-01-де кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен бастап, яғни сайлау басталғанға дейін 10 күн бұрын басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша 23 шілдеде нөл сағатта аяқталады.

9. Дауыс беру күні 25.07 таңғы сағат 7-ден 20-00-ге дейін. Дауыстарды санау сайлау учаскелерінде дауыс беру сәтінен бастап 12 сағаттан кешіктірмей жүргізіледі.

10. Аумақтық сайлау комиссиясының қорытындыларын сайлау күнінен бастап үш күнге дейін анықтауы.

Дата публикации
29 июня 2021
Дата обновления
29 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы