
Өткізу күні: 2021 жылғы 25 маусым, сағат 9.00
Өткізу жері: Павлодар қаласы, Қайырбаев к-сі, 32, 105 каб.
Қатысушылар: Мұқашева З. Қ. – комиссия төрағасы;
Б. Д. Шепеленко – комиссия төрағасының орынбасары;
А. Е. Қазбекова – комиссия хатшысы;
О. Қ. Бәшірбаев, С. А. Гуторов, Л. И. Кузьменкова, Н. П. Кузят– комиссия мүшелері.
Күн тәртібі
1. Кенжекөл ауылдық округі әкімін сайлауға сайлау округін құру туралы.
2. Кенжекөл ауылдық округі әкімінің сайлау күнін тағайындау туралы.
3. Кенжекөл ауылдық округі әкімінің сайлауға дайындық және оны өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы.
1. А. Е. Қазбекова сөз сөйледі:
Комиссия хатшысы Кенжекөл ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық бірлік аумағының шекарасында әкім сайлауын өткізу үшін сайлау округін құру қажеттігін хабарлады.
Комиссия мүшелері хабарламаны талқылап, Кенжекөл ауылдық округі аумағының шекарасында бірыңғай Кенжекөл сайлау округін құру туралы пікірге келді.
2. З. Қ. Мұқашева сөз сөйледі:
Комиссия төрағасы қатысушылардың назарына 2021 жылғы 25 мамырда Президент Қ.К. Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға және ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін жеткізді. Өзгерістер ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлауға қатысты болды. Ауыл, ауылдық округ әкімдерін жалпыға бірдей тең төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы халық сайлайды. Ауыл, ауылдық округ әкімдерінің белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуы сайлау тағайындауға негіз болып табылады. Кенжекөл ауылдық округі әкімінің өкілеттігі а. ж. 17 тамызында аяқталады.
Ауылдар, ауылдық округтер әкімдерін сайлауды аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 40 күн бұрын тағайындайды және ол заңда белгіленген өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын өткізілуге тиіс. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Кенжекөл ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалады.
3. Б. Д. Шепеленко сөз сөйледі:
Комиссия төрағасының орынбасары сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларға, оларды өткізу мерзімдеріне, БАҚ-та сайлау округтерінің, учаскелік сайлау комиссияларының тізімін, олардың шекаралары мен орналасқан жерін, АСК, УСК құрамын көрсете отырып, уақытылы жариялауға назар аударды. Сайлау науқанының рәсімдері туралы, кандидаттарды ұсыну, тіркеу және сайлау алдындағы үгіт мерзімдері туралы, дауыс беруге жағдай жасау жөніндегі іс-шаралар туралы хабарлады.
Кенжекөл ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітуге дайындалды.
Танысуларыңызды және бекітуіңізді сұраймын.
Шешті:
1) Кенжекөл ауылдық округінің шекараларында сайлау округін құру туралы қаулы қабылдансын.
2) Кенжекөл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы қаулы қабылдансын;
3) Кенжекөл ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін;
4) қабылданған қаулылар мен күнтізбелік жоспар БАҚ - та және Павлодар қаласы әкімдігінің сайтында ТИК интернет-беттерінде жариялансын.
5) қалалық аумақтық сайлау комиссиясы шешімдерінің орындалуын бақылау хатшы А. Е. Қазбековаға жүктелсін.
Комиссия төрағасы З. Мұқашева
Комиссия хатшысы А. Қазбекова