
Жыл басынан бері жұмыс іздеуге жәрдемдесу үшін Павлодар қаласы жұмыспен қамту орталығына - 4189 адам жүгінген болатын.
2021 жылғы 28 мамыр айындағы жағдай бойынша мемлекеттік қолдау шараларымен - 4286 адам немесе 45,6% қамтылды (жоспар – 9390).
2021 жылдың 28 мамыр айындағы жағдай бойынша жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде 2671 адам тіркелген.
«Еңбек» бағдарламасы үш бағыт бойынша іске асырылады:
1. Бірінші бағыты бойынша «Бағдарлама қатысушыларына техникалық және кәсіби білім беру және қысқартылған кәсіби оқытумен қамтамасыз ету» келесі тапсырмалардың қамтамасыз етілуін қарастырады.
Қысқа мерзімді оқытуға (6 айға дейін) - 231 қатысушы жіберілді немесе 107,4 %, (жоспар 215 адам).
Оқуды - 43 адам аяқтап және тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды немесе 100%.
2. Екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» (шағын несие).
2021 жылда 2145 грант беруге қаражат бөлінді.
2021 жылғы 28 мамыр айындағы жағдай бойынша мемлекеттік грант жаңа бизнес – идеяларды іске асыру бойынша - 10 қатысушыға 200 АЕК мөлшерінде берілді.
2021 жылда «Бизнес-Бастау» жобасы бойынша - 350 қатысушыларды оқутыға жіберу жлспраланған. 28 мамыр жағдайы бойынша - 218 қатысушы оқуға жіберілді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін қалған қатысушылар оқытылатын болады.
2021 жылда шағын несиеге – 450,0 млн.теңге бөлінді.
28 мамыр жағдайы бойынша - 63,0 млн.теңге сомасына 9 шағын несие берілді, соның ішінде:
- қала аумағында 51,0 млн.теңге сомасына 6 жоба;
- ауылдық аймақтарда 12,0 млн.теңге сомасына 3 жоба берілді.
Сонымен қатар, қайтарымды қаражаттар есебінен 11,0 млн.тенге сомасына 2 жоба берілді.
3. Үшінші бағыты «Жұмыс күшінің көтерілуіне және еңбектің ұтқырлығына байланысты еңбек нарығын дамыту» олардың арасында келесі міндеттерді жүзеге асыру көзделген:
1) Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу- мемлекеттік және мемлекеттік бағдарламалар, өңірлік даму бағдарламалары шеңберінде іске асырылып жатқан жобаларға мемлекеттік қолдау көрсетпестен жұмысқа орналастыру.
ЭЕБ арқылы 280 кәсіпорындар мен ұйымдардан 2211 бос орындар тіркелді. Тұрақты жұмыс орнына - 3028 адам орналастырылды.Соның ішінде портал арқылы - 1491 адам немесе 49,1% жұмысқа орналастырылған.
2) Әлеуметтік жұмыс орындарын құру.
Ағымдағы жылы – 57 жұмыс берушілермен келісім шарттар жасаланды. 135 жұмыссыз адамадарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру жоспарланған, бүгінгі күні 142 адам немесе 105,1 адам жұмысқа орналастырылды. Орташа жалақысы 30000 теңгені құрайды.
3) Жастар тәжірибесін ұйымдастыру.
Ағымдағы жылы – 38 жұмыс берушілермен келісім шарттар жасаланды. 160 адам жоспарымен 28 мамыр айындағы жағдай бойынша 44 түлек жіберілді. (ЖОО – 22, колледж – 22 адам). Жастар тәжіриебесі қатысушыларының жалақысы – 72925 теңгені құрайды.
4) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.
Ағымдағы жылы – 120 жұмыс берушілермен келісім шарттар жасаланды. Жоспар бойынша – 320 адам жоспарымен қоғамдық жұмыс орындарына 370 адам жұмысқа орналастырылды.
5) Қоныстандыру.
2021 жылғы 28 мамыр айы жағдайы бойынша 44 отбасы 240 адам квота арқылы қоныс аударған, оның ішінде оңтүстік облыстардан көшіп келген қоныс аударушылар - 36 отбасы (176 адам), «қандастар» - 8 отбасы (64 адам).
Еңбекке жарамды жаста – 146 адам, соның ішінде жұмыс істейтін – 118 адам.