Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Павлодар қаласының 2021 жылғы қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

1. Экономиканың нақты секторы

1.1 Өнеркәсіп

А.ж. 1 қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 72,8 млрд.теңгені құрады, НКИ – 102,2 %.

- Тау-кен өндіру өнеркәсібінің НКИ –  288 %;

- Өңдеу өнеркәсібінің НКИ – 102,9 %;

- Электрмен жабдықтаудың НКИ, бу беру және ауа баптау – 100,7%-ды құрады;

- Сумен жабдықтаудың НКИ; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау – 109,2%.

1.2. Ауыл шаруашылығы

Ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтердің) көлемі 483,0 млн.теңгені құрады, НКИ – 104,6%.

Мал шаруашылығы

ІҚМ басының саны 6,5 мың басты құрады. (2020 жылғы 1 ақпанға 100,3%), қой – 11,6 мың бас (125,2%), ешкі – 0,9 мың бас (114,4%), жылқы – 3,0 мың бас (124,5%), шошқа – 26,3 мың бас (110,0%), құстар – 613,8 мың бас (99,0 %).

Тірі салмақта ет – 72,7 тонна (71,9%), сүт – 229,1 тонна (94,7%), жұмыртқа – 11927,5 мың дана (104,2%) өндірілді.

Азық-түлік өнімдері, 62,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, НКИ-107,7%.

1.3. Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1,2 млрд. теңгені құрады, НКИ - 113,4%.

Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 1,3 мың ш.м. немесе 9 есе.

Жыл басынан бері 15 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді:

- Сарыарқа ш. а. - жалпы ауданы 27,0 мың ш. м. 4 тұрғын үй (№31, 24/2, 11, 29);

- Достық ш. а. - жалпы ауданы 28,9 мың ш. м. 5 тұрғын үй;

- жеке инвестициялар есебінен - жалпы ауданы 40 мың ш.м. 5 үй (Теплов  көшесі, 1/4, және 1/6 - А.Мубарак ЖК және Ак. Марғұлан көшесі, 180 – Д. А. Қуантаев ЖК, Лесная-Гагарин көшесі, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 1/3 және Естай көшесі, 92 тұрғын үй).

- «Әуеқалашық» ш. а. жалпы ауданы 1,9 мың ш. м. «3-тип»  тұрғын үйлері енгізілді.     

Құрылыс жүргізілуде:

- Сарыарқа ш. а. жалпы ауданы 65,4 мың ш. м. 10 үй (№26, 28, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39);

- Достық ш. а. жалпы ауданы 5,8 мың ш. м. 1 тұрғын үйді (4-дақ) абаттандыру жұмыстары жүргізілуде;

- «Әуеқалашық» ш. а. 37 үйді абаттандырудың құрылысы жалғасуда (37 учаске, 37 пәтер) – 6,0 мың ш. м.

- жеке инвестициялар есебінен жалпы ауданы 114,7 мың ш.м. 5 үйді абаттандырудың құрылысы аяқталуда (Шайғазинов ЖК Ак. Сәтбаев көшесі, 350, «Капитал-ПВ» (Рубиком) Ткачев - Ак.Сәтбаев көшесі, Б.Н. Қозтаев ЖК Астана 160/1, К.Д. Хасенов ЖК Щедрина көшесі, 30/1 және «Реал-1» ЖШС Естай көшесі, 94).

2. Инвестициялар

Негізгі капиталға инвестиция көлемі 2,6 млрд.теңгені құрады, НКИ 121,8% (2020 ж. 1 ай - 2,1 млрд. теңге).

Инвестициялар құрылымында кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты ең көп үлес салмақты алады – 81,1%, бюджет қаражатының үлесі 18,9% - ды құрады.

Индустрияландыру картасы

Кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында 2021 жылы инвестиция көлемі 4,2 млрд.теңгені құрайтын 3 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Анықтамалық:

1. Белсендірілген көмір өндірісі («RTF ACTICA» ЖШС) инвестиция көлемі - 1,0 млрд. теңге;

2. Көмір электр станцияларының қалдықтарынан микросфералар алу зауытын салу («Kazcenosphere ' s» ЖШС) инвестициялар көлемі - 2,3 млрд. теңге;

3. «Павлодар» АЭА («ASCOR өндірістік бірлестігі» ЖШС) аумағында композиттік коагулянттар дайындау цехын салу, инвестиция көлемі - 943 млн. теңге.

3. Шағын және орта кәсіпкерлік

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 30 622 бірлікті (100%) құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрған 26 203 бірлік (2,6% - ға өсу) жеке кәсіпкерлер 18 317 бірлік (1,0% - ға өсу).

«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 56 жоба мемлекеттік қолдауға ие болды.

4. Сауда

2021 жылғы қаңтарда бөлшек сауда айналымы 271,6 млрд.теңгені (95,4%) құрады.

Көтерме сауда көлемі 16,7 млрд.теңгені (102,2%) құрады.

Қаланың тұтыну нарығында бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және тұрақтандыру үшін

-19 топ бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына күнделікті баға мониторингі жүргізіледі (Үкіметтің 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысына сәйкес)

- 36 «әлеуметтік» дүкен жұмыс істейді (оның ішінде 4 дүкен ауылдарда орналасқан).

- өңір өндірушілерімен және көтерме және бөлшек сауда желісімен жасалған 30 Меморандум жұмыс істейді;

- қаланың әлеуметтік дүкендері мен сауда нүктелеріне арзандатылған тауарды жеткізу бойынша «Павлодар» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорының жұмысы жүргізілуде.

5. Бюджет

Қала бюджетіне 3943,8 млн.теңге немесе 160,6% жоспар бойынша 6333,9 млн. теңге жеке кірістер жұмылдырылды.

2020 жылғы жағдай бойынша қала бюджетінің шығыс бөлігі жалпы 30,4% - ға орындалды, есепті кезеңге жоспар бойынша 3 986,2 млн.теңге, орындалуы 1213,1 млн. теңгені құрады.

2021 жылға арналған қала бюджетінің көлемі жалпы 100 822,7 млн. теңгені құрады.

Бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттердің үлес салмағы 14,1% - ға немесе 14 260,9 млн.теңгеге тең.

6. Әлеуметтік сала

6.1 Еңбек нарығы

Жұмыссыздық деңгейі – 4,8%-ды құрады.

Жұмыспен қамту бөлімінде 2392 жұмыссыз азамат тіркелген.

423 адам жұмысқа орналастырылды, 27 әлеуметтік жұмыс орындары құрылды, 5 түлек жастар практикасына жіберілді.

Қоғамдық жұмыстарға 313 жұмыссыз қатысты.

2021 жылдың қаңтар айында 1238 отбасына (4898 адам) жалпы сомасы 51,8 млн.теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Қала кәсіпорындарымен 354 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде: тұрақты – 9, уақытша – 345.

6.2 Еңбекақы төлеу

2020 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы 184 300 теңгені немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 114,5%-ды құрады (статистика бойынша дерек тоқсанына 1 рет есептеледі).

7. Білім беру

Білім беру жүйесіне 46 жалпы білім беретін мектеп (43 - Мемлекеттік, оның ішінде ҚАЖ жанындағы 2 мектеп, 46,7 мың оқушы, 1 жеке меншік – 46 оқушы) және 1 оқу-өндірістік комбинат кіреді.

Мектептердің компьютерлік паркі 13,2 мың бірлікті құрайды. Жалпы қала бойынша бір компьютерге 3,5 оқушыдан келеді. Кең жолақты Интернет желісіне барлық мектептер қосылған. Тегін оқулықтармен қамтамасыз ету – 100%.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 83 мектепке дейінгі ұйым (17,7 мың бала) жұмыс істейді, оның ішінде 76 мемлекеттік балабақша және 3 мектепке дейінгі шағын орталық және 787 бала контингенті бар 9 жекеменшік балабақша (6 балабақша - 630 бала, 3 шағын орталық-157 бала) жекеменшік болып табылады.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту облыс бойынша 75,8%, 2 жастан 6 жасқа дейін 81,7%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% құрайды.

8. Денсаулық сақтау

Қаланың денсаулық сақтау жүйесі емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылған: 5 емхана; 2 қалалық аурухана; балаларды оңалтудың қалалық орталығы; қалалық жерде 5 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт, сондай-ақ жеке меншік медициналық мекемелер.

Қала бойынша 2021 жылдың қаңтар айында 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 28,8% - ға (100 мың тұрғынға шаққанда 39,9) төмендегені байқалады.

Бала өлім-жітімі 1000 балаға шаққанда 16,8% - ға қысқарып, 2,2-ні құрады. Ана өлім-жітімі тіркелген жоқ. Бұл ретте қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіші 5,6% - ға артты (100 мың тұрғынға шаққанда 369,5).

9. Жолдар

Павлодар қаласы автомобиль жолдарының ұзындығы 447,8 км. құрайды, оның ішінде 308,6 км.асфальт - бетон жабынымен және 139,2 км. топырақ жабынымен.

Қала көшелерін, жолдар мен тротуарларды ағымдағы жөндеуге 1000,0 млн.теңге бөлінді.

10. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Қала бойынша 135 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді, оның ішінде 23 қызметтік автокөлігі бар.

122 қоғамдық құрылым, оның ішінде 122 полицияның қоғамдық көмекшілері жұмыс істейді.

«Құқықтық тәртіп», «Жасөспірім», «Автобус», «Күмәнді пәтер», «Тұрмыс» және т. б. жедел-алдын алу іс-шаралар өткізілді.

Құқық бұзушылықтардың жалпы саны 25,6% - ға (356-дан 265-ке дейін), тонау 57,1% - ға (7-ден 3-ке дейін), ұрлық 45,4% - ға (119-дан 65-ке дейін), бұзақылық 75% - ға (8-ден 2-ге дейін), қоғамдық орындарда 34% - ға (100-ден 66-ға дейін), көшелерде 49% - ға (49-дан 25-ке дейін) төмендегені байқалады. Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы 9,4%-ды (2020 ж. – 13,8%) құрады.

Ағымдағы жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша ЖКО 35%-ға (20-дан 27-ге дейін) өскені байқалады, ЖКО кезінде жарақат алғандар 33 (2020 жылы-33), қаза тапқандар жоқ (2020 жылы-0).

Қала көшелерінде құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін бейнебақылау жүйелері қолданылады.

Қала бойынша бейнебақылау жедел басқару орталығының 117 сыртқы бейнебақылау камерасы арқылы жүзеге асырылады.

Нәтижесінде, бейнебақылау жүйелерінің көмегімен қала бойынша 14 қылмыс ашылды (2020 жылы-10), 1055 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Дата публикации
19 февраля 2021
Дата обновления
19 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы