
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Павлодар қаласы әкімдігімен, әкімдік құрамына кіретін мемлекеттік мекемелермен 2019 жылдың өткен кезеңінде келесі жұмыстар жүргізілді.
Павлодар қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасауға рұқсат етіңіздер.
Тоқсан сайын қала әкімінің төрағалық етуімен жергілікті атқарушы, өкілдік және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен, сондай-ақ "Нұр Отан" партиясының өкілдерін шақырумен қалада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырыстары өткізіледі, онда мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы есептері тыңдалады.
Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлықтың кез келген жағдайына "нөлдік" шыдамдылық ахуалын жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты, тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру үшін келесі үгіт жұмыстары жүргізілуде:
- жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта әлеуметтік жарнама орналастырылады. Жыл басынан бері қалада осы бағыт бойынша 15-тен астам билборд орналастырылды.
Бүгінгі күні Павлодар қаласы бойынша келесі мекенжайлар бойынша 8 билборд және 1 мурал орналастырылды:
1. Павел Васильев к-сі 2;
2. Малайсары батыр көшесі-Кіші айналма жол;
3. Ак.Сәтбаев-Гагарин к-сі;
4. Торайғыров к-сі 70/1;
5. Н. Назарбаев даңғылы - Лермонтов көшесі (А жағы);
6. Н. Назарбаев даңғылы - Лермонтов көшесі (Б жағы);
7. ул. Ак.Сәтпаев (Қазпоштаға қарама-қарсы);
8. Бекхожин көшесі 1;
9. Мурал, АК.Сәтбаев 57 (бүйірінде).
Сондай-ақ, қаланың қоғамдық көлігінің 19 мониторында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнероликтер көрсетілуде.
Тоқсан сайын жергілікті атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасы бойынша қабылданатын шаралар туралы, сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасы мақсатында жергілікті атқарушы органдарда жүргізілетін іс-шаралар туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бағдарламалық құжаттарды іске асыру барысы туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау туралы тақырыптарда семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіледі.
Мұндай семинарлардың мақсаты әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру болып табылады. Семинарлар Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің және өзге де құқық қорғау қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып өткізілуі мүмкін.
Анықтама: ағымдағы жылы 730 адамды қамтумен 9 семинар, 11 дөңгелек үстел өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды көрсеткіштерінің бірі - мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету бойынша жұмыс болып табылады.
Қала әкімдігі бекітілген тізілімге сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтің 101 түрін көрсетеді.
2020 жылы Павлодар қаласының атқарушы органдарымен 83 171 қызмет, электронды түрде – 75 210 қызмет көрсетілді. (электрондық түрде - 90,4%).
2020 жылы Павлодар қаласының атқарушы органдарында бір мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылды. (2019 жылы 3 мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған).
Мемлекеттік қызмет көрсету аясында мемлекеттік қызметшілердің халықпен тікелей байланысын төмендету мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі "Open Pavlodar" жобасын іске асырды.
2020 жылы "Open Pavlodar" фронт-кеңсесіне 121 169 адам жүгінді, оның ішінде 74 528 адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді, 47 163 адам қаржы институттары мен мемлекеттік емес мекемелердің қызметтері бойынша кеңестер алды.
2019 жылғы 23 мамырда Кривенко көшесі, 25 мекенжайындағы әкімшілік ғимараттың бірінші қабатында "Open Pavlodar" фронт кеңсесінде "Ashyq kabinet" жобасының ашылуы өтті.
Халықпен өзара іс - қимылдың жаңа форматының басты негізі-ашықтық, қолжетімділік және жеделділік болып табылады.
Сонымен қатар, фронт-кеңестің әрбір қызметкерінің жұмыс орындарында бейнебақылау камералары орнатылған, онда азаматтардың құжаттары қабылданып, кеңестер беріледі.
Жалпы" Open Pavlodar " жобасында көрсетілген шаралар:
1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету;
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын және ашықтығын арттыру;
3. Қызметкерлердің жұмыс уақытын оңтайландыру және тиімді пайдалану;
4. Әрбір әлеуетті бизнесмен бір ғимараттың ішінде барлық қажетті көмекті ала алатындай және бизнес өкілдері үшін т. б қолайлы жағдайлар жасау.
Тұрғындардың сұрақтарына жедел хабарлау және жауап беру мақсатында әлеуметтік Instagram-да (2018 жылғы 3 қыркүйекте) ресми бет ашылды. Жазылушылар саны 110 000-нан асады. (Күніне 50-60 азаматтан өтініш келіп түседі).
2020 жылы жеке және заңды тұлғалардан 4459 өтініш келіп түсті.
Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы және өзге де мемлекеттік органдардың басшылары өтініштерді қараудың сапасы мен уақтылығына жүйелі бақылау жүргізеді.
Жеке қабылдауда 578 адам болды, оның ішінде: 558-і түсіндірілді, 5-і шешілді, 15-і қанағаттандырылды.
Жеке қабылдау барысында өтініш берушілерге түсініктемелер беріледі, сондай-ақ қолданыстағы заңнама шеңберінде оларды шешу бойынша шаралар қабылданады.
Жеке қабылдау барысында көтерілетін мәселелер тұрақты бақылауда тұрады.
Жоғарыда аталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстар осы бағытта жалғасатын болады.
Бұдан басқа, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия шеңберінде сыбайлас жемқорлық көріністерін төмендету үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады. Ол үшін қала әкімдігінде жоспар бекітілді, соған сәйкес қала әкімдігінің барлық бөлімдерінде ішкі талдау жүргізілетін болады.
Сондай-ақ, қала әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды. Қала әкімдігі мекемелерінің мемлекеттік қызметкерлерін құқықтық оқыту кестесі жасалды, соған сәйкес қазіргі уақытта қала әкімдігінің барлық бөлімдерімен кездесулер өткізілуде.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табатын болады.