Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Павлодар қаласының 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

1. Экономиканың нақты секторы

1.1 Өнеркәсіп

Ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 835,3 млрд.теңгені құрады, НКИ – 98,4%.

- Тау-кен өндіру өнеркәсібінің НКИ-77,3%;

- Өңдеу өнеркәсібінің НКИ-98,4%;

- Электрмен жабдықтаудың НКИ, бу беру және ауа баптау – 101,0%-ды құрады;

- Сумен жабдықтаудың НКИ; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау - 99,2%.

1.2. Ауыл шаруашылығы

Ауыл, орман және балық шаруашылықтарының жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтерінің) көлемі 14,9 млрд.теңгені құрады, НКИ – 107,7%.

Мал шаруашылығы

Ірі қара мал басының саны 6,0 мың басты құрады. (2021 ж.1.01-ге 98,4%), қой-10,3 мың бас (113,9%), ешкі – 0,8 мың бас (102,5%), жылқы – 3,1 мың бас (124%), шошқа – 26,1 мың бас (109,2%), құстар – 628,5 мың бас (113,4%).

Тірі салмақта ет – 1 641 тонна (96,9%), сүт – 6 868,5 тонна (100,6%), жұмыртқа – 132 931 мың дана (115,1%) өндірілді.

Азық-түлік өнімдері 62,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, НКИ-107,7%.

1.3. Құрылыс

Құрылыс саласында құрылыс жұмыстарының көлемі 66,5 млрд. теңгені құрады, НКИ-98,1%.

Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 213,4 мың ш.м. немесе 104,9%.

Жыл басынан бері 15 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді:

- Сарыарқа ш. а. - жалпы ауданы 27,0 мың ш. м. 4 тұрғын үй (№31, 24/2, 11, 29);

- Достық ш. а. - жалпы ауданы 28,9 мың ш. м. 5 тұрғын үй;

- жеке инвестициялар есебінен - жалпы ауданы 40 мың ш.м. 5 үй (Теплов көшесі, 1/4 және 1/6 – А. Мубарак ЖК және Ак.Марғұлан көшесі, 180 – Д.А. Қуантаев ЖК, Лесная-Гагарин көшесі, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 1/3 және Естай көшесі, 92 тұрғын үй).

- «Әуеқалашық» ш. а. жалпы ауданы 1,9 мың ш. м. «3-тип» тұрғын үйлері енгізілді.

Құрылыс жүргізілуде:

- Сарыарқа ш. а. жалпы ауданы 65,4 мың ш. м. 10 үй (№26, 28, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39)

- Достық ш. а. жалпы ауданы 5,8 мың ш. м.  тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде;

- «Әуеқалашық» ш. а. 6,0 мың ш. м. 37 үйдің (37 учаске, 37 пәтер) құрылысы жалғасуда; 

- жеке инвестициялар есебінен жалпы ауданы 114,7 мың ш.м. 5 үйдің құрылысы аяқталуда (Шайғазинов ЖК Ак. Сәтбаев көшесі, 350, «Капитал-ПВ» ЖШС (Рубиком) Ткачев көшесі - Ак.Сәтбаев көшесі, Б.Н. Қозтаев ЖК Астана көшесі, 160/1, К.Д. Хасенов ЖК  Щедрина көшесі, 30/1 және «Реал-1» ЖШС Естай көшесі, 94).

2. Инвестициялар

Негізгі капиталға инвестиция көлемі 134,7 млрд. теңгені құрады, НКИ 83,2% (2019 ж. 12 айда – 161,7 млрд. теңге).

Инвестициялар құрылымында ең үлкен үлес салмақты кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты алады – 73,2%, бюджет қаражатының үлесі 25,1%-ды, қарыз қаражаты – 1,7%-ды құрады.

Индустрияландыру картасы

Кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында ағымдағы жылғы желтоқсанда инвестиция көлемі 1,3 млрд.теңгеге  2 жоба іске асырылды.

Анықтамалық:

1. «D&P» ЖШС - дезинфекциялық құралдар өндірісі. Инвестиция көлемі 300 млн.теңге. Жобалық қуаттылығы жылына 280 тонна. Жұмыс орындарының саны – 44.

2. «Агрохимпрогресс» ЖШС - 2,4 Д қышқылы өндірісі, инвестиция көлемі 1000 млн. теңге.

3. Шағын және орта кәсіпкерлік

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 30 605 бірлікті (0,9% - ға төмендеу) құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрған 26 225 бірлік (1,6% - ға төмендеу) жеке кәсіпкерлер 18 414 бірлік (0,3% - ға төмендеу).

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 21,4 млрд. теңгеге 524 жоба мемлекеттік қолдауға ие болды, соның ішінде:

- ішінара кепілдік беру - 11,3 млрд. теңге сомасына 280 жоба;

- пайыздық мөлшерлемені субсидиялау - 9,5 млрд. теңге сомасына 225 жоба

- 45 млн. теңге сомасына 10 жобаны гранттық қаржыландыру;

- 627 млн. теңге сомасына 5 жобаның ИКИ жүргізу. («Мойылды шипажайы» АҚ, «ПТК» ЖШС, «Павлодар содасы» ЖШС, «СОМ-ПВ» ЖШС, «Мерусар и К» ЖШС»)

4. Сауда

2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда бөлшек сауда айналымы 271,6 млрд.теңгені (95,4%) құрады.

Көтерме сауда көлемі 442,3 млрд.теңгені (94,1%) құрады.

Қаланың тұтыну нарығында бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және тұрақтандыру үшін

- 36 «Әлеуметтік» дүкен жұмыс істейді (оның ішінде 4 дүкен ауылдарда орналасқан).

- өңір өндірушілерімен және көтерме және бөлшек сауда желісімен жасалған 30 Меморандум жұмыс істейді;

- қаланың әлеуметтік дүкендері мен сауда нүктелеріне арзандатылған тауарды жеткізу бойынша «Павлодар «ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорының жұмысы жүргізілуде.

5. Бюджет

Қала бюджетіне 78 322,1 млн.теңге немесе 106,8% жоспармен 83 627,1 млн. теңге жеке кірістер жұмылдырылды.

2020 жылғы жағдай бойынша қала бюджетінің шығыс бөлігі жалпы 99,8% - ға орындалды, есепті кезеңге жоспар бойынша 125 609,1 млн.теңге, орындалуы 125 304,1 млн. теңгені құрады.

2020 жылға арналған қала бюджетінің көлемі жалпы 125 609,1 млн.теңгені құрады.

Бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттердің үлес салмағы 24,4% - ға немесе 30 668,9 млн.теңгеге тең.

6. Әлеуметтік сала

6.1 Еңбек нарығы

Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінген азаматтар саны - 11594 адамды құрады.

11 031 азаматқа жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына - 7048 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 295 адам, жастар практикасына – 298 түлек, «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» шеңберінде 2457 адам жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 701 азамат қатысты. Қысқа мерзімді курстарға 232 адам жіберілді.

- 280 адамнан тұратын 54 отбасы көшірілді, оның ішінде: елдің жұмыс күші артық өңірлерінен - 43 отбасы (207 адам), «қандастар» -    11 отбасы (73 адам). Еңбекке қабілетті жастағылар - 174 адам, жұмысқа орналастырылғандар - 154 адам немесе 88,5 %.

- Бағдарламаның екінші бағыты аясында 56 қатысушыға 428,6 млн. теңге сомасында микрокредиттер берілді.

Қайтарымды қаражат есебінен және өткен жылдар есебінен ЕДБ арқылы 13 қатысушыға 120,1 млн. теңге сомасында шағын кредиттер берілді.

Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант - 385 қатысушыға 207,9 млн.теңге сомасында берілді.

Өтініш білдірген азаматтардың жұмысқа орналасу деңгейі – 87,3%-ды құрады.

Қала кәсіпорындарымен 3740 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде 3197 - тұрақты жаңа жұмыс орны.

Тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі - 1,3%-ды құрайды.

Жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыздар саны 2741 адамды құрады.

6.2 Еңбекке ақы төлеу

2020 жылғы қаңтар-желтоқсан бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 184 300 теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 114,5% - ды құрады (статистика бойынша деректер тоқсанына бір рет).

7. Білім

Білім беру жүйесіне 46 жалпы білім беретін мектеп (43 - мемлекеттік, оның ішінде ҚАЖ жанындағы 2 мектеп, 46,7 мың оқушы,  1 жеке меншік – 46 оқушы) және 1 оқу-өндірістік комбинат кіреді.

Мектептердің компьютерлік паркі 13,2 мың бірлікті құрайды. Жалпы қала бойынша бір компьютерге 3,5 оқушыдан келеді. Кең жолақты Интернет желісіне барлық мектептер қосылған. Тегін оқулықтармен қамтамасыз ету – 100%.

2020 жылғы 1150 түлектің 933 – і немесе жалпы санынан 81,1%-ы ҰБТ-ға қатысты (2019 жылы-74%).

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 83 мектепке дейінгі ұйым (17,7 мың бала) жұмыс істейді, оның ішінде 76 мемлекеттік балабақша және 3 мектепке дейінгі шағын орталық және 9 жеке балабақша (6 балабақша - 630 бала, 3 шағын орталық - 157 бала) 787 бала контингентімен жекеменшік болып табылады.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту облыс бойынша 75,8%, 2 жастан 6 жасқа дейін 81,7%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% құрайды.

8. Денсаулық сақтау

Қаланың денсаулық сақтау жүйесі емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылған: 5 емхана; 2 қалалық аурухана; балаларды оңалтудың қалалық орталығы; қалалық жерде 5 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт, сондай-ақ жеке меншік медициналық мекемелер.

Ағымдағы жылдың 12 айында қала бойынша 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіштерінің 15,9% - ға (100 мың тұрғынға 322), туберкулезбен сырқаттанушылық 26,2% - ға (100 мың тұрғынға 36,1) төмендегені байқалып, бұл ретте қан айналымы жүйесі ауруларының көрсеткіші 5,5% - ға (100 мың тұрғынға 3486,8) ұлғайды. Бала өлімі тірі туылған 1000 балаға шаққанда 40,8% - ға қысқарып, 5,27-ны құрады. Ана өлімінің 1 жағдайы тіркелді.

9. Жолдар

Павлодар қаласының Автомобиль жолдарының ұзындығы 447,8 км. құрайды, оның ішінде 308,6 км.асфальт - бетон жабынымен және 139,2 км. топырақ жабынымен.

Қала көшелерін, жолдар мен тротуарларды ағымдағы жөндеуге 1275,3 млн.теңге бөлінді.

Қала көшелерін орташа жөндеу - 1813,0 млн. теңге.

10. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Ағымдағы жылдың 12 айында құқық бұзушылықтардың жалпы саны 29,1% - ға (4718-ден 3345-ға дейін) төмендегені байқалады.

Ағымдағы жылдың есептік кезеңінде «Құқықтық тәртіп», «Тұрмыс», «Жасөспірім», «Қауіпсіз аула», «Балалардың назарына», «Есепші» және т. б. 20-дан астам жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді.

Бұл ретте көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы 12,3% – ды құрады (2019 ж. - 18,2%).

Құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңдылықты сақтау және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау саласында мақсатты түрде жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Тонау 56,1% – ға, бөтен мүлікті ұрлау 57,5% – ға, бұзақылық 58,6% - ға төмендегені байқалады.

ЖКО саны 9,9% - ға (504-тен 454-ке дейін) төмендеді. Алайда жол–көлік оқиғалары кезінде жараланғандардың 5,4% - ға (667-ден 703-ке дейін), қайтыс болғандардың 6,3% - ға (16-дан 15-ке дейін) өсуі байқалады. ЖКО-да қаза болғандар саны 100 зардап шегушіге шаққанда 2,1% - ды құрады. (жоспар - 2,3%).

Есептік кезеңде апаттылықтың алдын алу мақсатында Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 23345 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Дата публикации
31 декабря 2020
Дата обновления
31 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы