Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Павлодар қаласының 2020 жылғы қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

1. Экономиканың нақты секторы

1.1 Өнеркәсіп

Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларындағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 742,7 млрд. теңгені құрады, НКИ-98%.

– Тау-кен өндіру өнеркәсібінің НКИ - 74,9%;

– Өңдеу өнеркәсібінің НКИ - 97,9%;

–  Электрмен жабдықтаудың НКИ, бу беру және ауа баптау – 101,6 %-ды құрады;

– Сумен жабдықтаудың НКИ; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау - 95,1%.

1.2. Ауыл шаруашылығы

Ауыл, орман және балық шаруашылықтарының жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтерінің) көлемі 15,5 млрд.теңгені құрады, НКИ – 110,8%.

Мал шаруашылығы

Ірі қара мал басының саны 5,5 мың басты құрады. (2019 ж.1.12-ге 98,3%.), қой - 10,3 мың бас (123,2%), ешкі – 0,4 мың бас (69,9%), жылқы – 2,5 мың бас. (102,4%), шошқа – 26,3 мың бас (110,8%), құстар – 613,3 мың бас. (110,1%).

Тірі салмақта ет – 1442,2 тонна (95,4%), сүт – 6 470,8 тонна (100,5%), жұмыртқа – 120 984,6 мың дана (115,4%) өндірілді.

Азық-түлік өнімдері, 56,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, НКИ-108,1%.

1.3. Құрылыс

Құрылыс саласында құрылыс жұмыстарының көлемі 59,2 млрд. теңгені құрады, НКИ-120,8%.

Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 127,5 мың ш.м. немесе 90,1%.

Жыл басынан бері 8 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді:

- Сарыарқа ш. а. – жалпы ауданы 22,0 мың ш. м. 3 тұрғын үй (№31, 24/2, 11);

- Достық ш. а. – жалпы ауданы 16,3 мың ш. м. 2 тұрғын үй (Павлодар ӘКК арқылы);

- жеке инвестициялар есебінен – жалпы ауданы 4,9 мың ш.м. 2 үй (Теплов көш, 1/4, 1/6 бойынша - А. Мубарак ЖК, және Ак.Марғұлан көш., 180 бойынша – Д.А. Қуантаев ЖК.

- «Авиагородок» ш. а. жалпы ауданы 1,9 мың ш. м. «3- тип» тұрғын үйлері енгізілді.

Құрылыс жүргізілуде:

- Сарыарқа ш. а. жалпы ауданы 54,2 мың ш. м. 9 үй (№26, 28, 29, 32, 34, 35, 36, 37, 38, 39);

- Достық ш.а. жалпы ауданы 15,0 мың ш. м. 4 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде;

- «Әуеқалашық» ш. а. 37 үйдің (37 учаске, 37 пәтер) құрылысы жалғасуда – 6,0 мың ш. м.

- жеке инвестициялар есебінен жалпы ауданы 40,8 мың ш.м. 4 үйдің құрылысы аяқталуда («Павлодарэнерго» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Әлем-ПВЛ» ЖШС, А. Мубарак ЖК).

2. Инвестициялар

Негізгі капиталға инвестиция көлемі 110,1 млрд.теңгені құрады, НКИ 116,0% (2019 ж. 11 ай – 99,7 млрд. теңге).

Инвестициялар құрылымында ең үлкен үлес салмақты кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты – 77,5%-ды алады, бюджет қаражатының үлесі 20,7%-ды, қарыз қаражаты – 1,8% - ды құрады.

Индустрияландыру картасы

Кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында 2020 жылы инвестиция көлемі 1,3 млрд.теңге болатын 2 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Анықтамалық:

1. «D&P» ЖШС – дезинфекциялық құралдар өндірісі. Инвестиция көлемі 300 млн.теңге. Жобалық қуаттылығы жылына 280 тонна. Жұмыс орындарының саны – 44

2. «Агрохимпрогресс» ЖШС 2,4 Д қышқылын өндіру, инвестиция көлемі 1000 млн. теңге.

3. Шағын және орта кәсіпкерлік

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 30656 бірлікті құрады (3,4%-ға төмендеу), оның ішінде жұмыс істеп тұрған 25 982 бірлік (1,0% - ға төмендеу) жеке кәсіпкерлер 18 205 бірлік (1,4% - ға төмендеу).

«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 14,9 млрд. теңгеге 417 жоба мемлекеттік қолдауға ие болды, соның ішінде:

– ішінара кепілдік беру – 6,4 млрд. теңге сомасына 223 жоба;

– пайыздық мөлшерлемені субсидиялау – 7,7 млрд. теңге сомасына 179 жоба;

- 38,3 млн. теңге сомасына 10 жобаны гранттық қаржыландыру;

- 627 млн. теңге сомасына 5 жобаны ИКИ жүргізу.

4. Сауда

2020 жылғы қаңтар-қарашада бөлшек сауда айналымы 239,5 млрд.теңгені (95,4%) құрады.

Көтерме сауда көлемі 386,9 млрд.теңгені (92,6%) құрады.

Қаланың тұтыну нарығында бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және тұрақтандыру үшін:

- 19 топ бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына күнделікті баға мониторингі жүргізіледі (Үкіметтің 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысына сәйкес)

- 36 «Әлеуметтік» дүкен жұмыс істейді (оның ішінде 4 дүкен ауылдарда орналасқан).

- -өңір өндірушілерімен және көтерме және бөлшек сауда желісімен жасалған 30 Меморандум жұмыс істейді;

- қаланың әлеуметтік дүкендері мен сауда нүктелеріне арзандатылған тауарды жеткізу бойынша «Павлодар «ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорының жұмысы жүргізілуде.

5. Бюджет

Қала бюджетіне 76 542,8 млн.теңге жеке кірістер жұмылдырылған, жоспар бойынша 72 758,5 млн. теңге немесе 105,2%.

2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қала бюджетінің шығыс бөлігі жалпы 97,4% - ға орындалды, есепті кезеңге жоспар бойынша 110 758,8 млн.теңге, орындалуы 107 902 млн. теңгені құрады.

2020 жылға арналған қала бюджетінің көлемі жалпы 129 138,4 млн.теңгені құрады.

Бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттердің үлес салмағы 25,9% - ға немесе 33 507,3 млн.теңгеге тең.

6. Әлеуметтік сала

6.1 Еңбек нарығы

Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінген азаматтар саны - 11075 адамды құрады.

10580 азаматқа жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына - 6212 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 287 адам, жастар практикасына – 284 түлек, «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» шеңберінде 2678 адам жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 697 азамат қатысты. Қысқа мерзімді курстарға 232 адам жіберілді.

- Саны 280 адам 54 отбасы көшірілді, оның ішінде: елдің жұмыс күші артық өңірлерінен – 43 отбасы (207 адам), «қандастар» - 11 отбасы (73 адам). Еңбекке қабілетті жастағылар – 174 адам, жұмысқа орналастырылғандар – 154 адам немесе 88,5 %.

- Бағдарламаның екінші бағыты аясында 56 қатысушыға 428,6 млн. теңге сомасында микрокредиттер берілді.

Қайтарымды қаражат есебінен және өткен жылдар есебінен ЕДБ арқылы 11 қатысушыға 98,1 млн. теңге сомасында микрокредиттер берілді.

Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант - 162 қатысушыға 85,7 млн.теңге сомасында берілді.

Өтініш білдірген азаматтардың жұмысқа орналасу деңгейі – 89,5%-ды құрады.

Қала кәсіпорындарымен 3740 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде 3197 – тұрақты жаңа жұмыс орны.

Тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі – 1,3%-ды құрайды.

Жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыздар саны 2558 адамды құрады.

6.2 Еңбекақы төлеу

2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 174 674 теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 112,6% - ды құрады (статистика бойынша деректер тоқсанына бір рет).

7. Білім

Білім беру жүйесіне 45 жалпыбілімберетінмектеп (44 - Мемлекеттік, оныңішінде ҚАЖ жанындағы 2 мектеп, 46,8 мыңоқушы, 1 жекеменшік – 47 оқушы) және 1 оқу-өндірістік комбинат кіреді.

Мектептердің компьютерлік паркі 7,1 мың бірлікті құрайды. Жалпы қала бойынша бір компьютерге 6,6 оқушыдан келеді. Кең жолақты Интернет желісіне барлық мектептер қосылған. Тегін оқулықтар мен қамтамасыз ету – 100%.

2020 жылғы 1150 түлектің 933 – і немесе жалпы санынан 81,1%-ы ҰБТ-ға қатысты (2019 жылы - 74%).

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 83 мектепке дейінгі ұйым (17,4 мың бала) жұмыс істейді, оның ішінде 77 балабақша және 6 шағын орталық.

Мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан контингенті 787 бала болатын 9 (6 балабақша - 630 бала, 3 шағын орталық - 157 бала) жеке меншік болып табылады.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту облыс бойынша 75,0%, 2 жастан 6 жасқа дейін 78%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100%-ды құрайды.

8. Денсаулық сақтау

Қаланың денсаулық сақтау жүйесі емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылған: 5 емхана; 2 қалалық аурухана; балаларды оңалтудың қалалық орталығы; қалалық жерде 5 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт, сондай-ақ жеке меншік медициналық мекемелер.

Ағымдағы жылдың 11 айында қала бойынша 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіштерінің 18,1%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 315), туберкулезбен сырқаттанушылық 31,2% - ға (100 мың тұрғынға шаққанда 33,6), қан айналымы жүйесі ауруларынан 25,5% - ға (100 мың тұрғынға шаққанда 3148,9) төмендегені байқалады. Сәби өлімі 37,1% - ға азайды, тірі туылған 1000 балаға 5,72 құрады, 1 ана өлімі тіркелді.

9. Жолдар

Павлодар қаласының автомобиль жолдарының ұзындығы 447,8 км. құрайды, оның ішінде 308,6 км. асфальт - бетон жабынымен және 139,2 км. топырақ жабынымен.

Қала көшелерін, жолдар мен тротуарларды ағымдағы жөндеуге 1275,3 млн.теңге бөлінді.

Қала көшелерін орташа жөндеу - 1 813,0 млн.теңге.

10. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Ағымдағы жылдың 11 айында құқық бұзушылықтардың жалпы саны 29,4% - ға (4639-дан 3274-ке дейін) төмендегені байқалады).

Ағымдағы жылдың есептік кезеңінде «Құқықтық тәртіп», «Тұрмыс», «Жасөспірім», «Қауіпсіз аула», «Балалардың назарына», «Есепші» және т.б. 20-дан астам жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді.

Бұл ретте көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы 11 айда 9,3% – ды құрады (2019 ж. - 17,9%).

Құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңдылықты сақтау және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау саласында мақсатты түрде жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Тонау 54,9% – ға, бөтен мүлікті ұрлау 59,4% – ға, бұзақылық 52,8% - ға төмендегені байқалады.

ЖКО саны 6,2% - ға төмендеді (434-тен 407-ге дейін). Алайда жол–көлік оқиғалары кезінде жараланғандардың 6,7% - ға (553-тен 590-ға дейін), қайтыс болғандардың 7,2% - ға (14-тен 15-ке дейін) өсуі байқалады. ЖКО-да қазаболғандар саны 100 зардап шегушіге шаққанда 2,5% - ды құрады (жоспар-2,3%).

Есептік кезеңде апаттылықтың алдын алу мақсатында Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 21440 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Дата публикации
01 декабря 2020
Дата обновления
01 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы