
1. Экономиканың нақты секторы
1.1 Өнеркәсіп
Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 518,8 млрд. теңгені құрады, НКИ - 96,7%.
– Тау-кен өндіру өнеркәсібінің НКИ - 76,8%;
– Өңдеу өнеркәсібінің НКИ-96,8;%;
- Электрмен жабдықтаудың НКИ, бу беру және ауа баптау – 104,5%-ды құрады;
- Сумен жабдықтаудың НКИ; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау – 86,1%.
1.2. Ауыл шаруашылығы
Ауыл, орман және балық шаруашылықтарының жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтерінің) көлемі 5,3 млрд.теңгені құрады, НКИ – 106,5%.
Мал шаруашылығы
Ірі қара мал басының саны 5,9 мың басты құрады. (2020ж.1.09-ға 97,3%), қой – 11,3 мың бас (121%), ешкі – 0,6 мың бас (75,8%), жылқы – 2,6 мың бас (102,7%), шошқа – 26,5 мың бас (113,1%), құстар – 628,4 мың бас (121,4%).
Тірі салмақта ет – 1087 тонна (97,9%), сүт – 5066,4 тонна (99,3%), жұмыртқа – 87 156 мың дана (120,5%) өндірілді.
Азық-түлік өнімдері, 39,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, НКИ-110%.
1.3. Құрылыс
Құрылыс саласында құрылыс жұмыстарының көлемі 29,9 млрд. теңгені құрады, НКИ-108,6%.
Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 70,1 мың ш.м. немесе 107,1%.
Бюджеттік қаражат есебінен:
- «Сарыарқа» ш. а. жалпы ауданы 22,0 мың ш. м. 3 тұрғын үй (№31, 24/2, 11) салынды, № 29 (5,0 мың ш. м.) тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда және жалпы ауданы 49,5 мың ш. м. 8 үйдің құрылысы басталды (№26, 28, 32, 34, 35, 36, 37, 38)
- «Достық» ш. а. жалпы ауданы 27,7 мың ш. м. 6 тұрғын үйдің (соның ішінде Павлодар ӘКК арқылы 2 үйдің) құрылысы жүргізілуде;
- «Авиақалашық» ш. а. жалпы ауданы 1,9 мың ш. м. «Тип-3» тұрғын үйлер салынды, 6 мың ш. м. 37 үйдің (37 учаске, 37 пәтер) құрылысы жалғасуда.
Жеке инвестициялар есебінен жалпы ауданы 41,4 мың ш.м. 6 үйдің құрылысы жүргізілуде («Павлодарэнерго» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Әлем-ПВЛ» ЖШС, С.Арантаева және А.Мубарак ЖК).
2. Инвестициялар
Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 58,5 млрд. теңгені құрады, НКИ 106,6% (2019 ж. 8 айда) - 54,8 млрд. теңге.
Инвестициялар құрылымында ең үлкен үлес салмақты кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты алады – 71,8%, бюджет қаражатының үлесі 25,4% – ды, қарыз қаражаты - 2,8% - ды құрады.
Индустрияландыру картасы
Кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында 2020 жылы инвестиция көлемі 3,2 млрд.теңге және 140 тұрақты жұмыс орнын құрумен 2 жобаны іске қосу жоспарлануда.
Анықтамалық:
1. Ыстық мырыштау өндірісін ұйымдастыру («POCCDORCOM KZ» ЖШС), инвестиция көлемі – 3,0 млрд.теңге, жұмыс орындары – 120.
2. Композиттік коагулянттар дайындау цехының құрылысы («ASCOR өндірістік бірлестігі» ЖШС), инвестиция көлемі – 180,0 млн.теңге, жұмыс орындары – 20.
3. Шағын және орта кәсіпкерлік
Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 30 583 бірлікті (4,3% - ға төмендеу) құрады, соның ішінде жұмыс істеп тұрған 25 655 бірлік (1,5% - ға төмендеу) жеке кәсіпкерлер 18 009 бірлік (4,5% - ға төмендеу).
«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 8,5 млрд. теңгеге 195 жоба мемлекеттік қолдауға ие болды, соның ішінде:
- ішінара кепілдік беру - 3,7 млрд. теңге сомасына 96 жоба;
- пайыздық мөлшерлемені субсидиялау - 4,2 млрд. теңге сомасына 87 жоба
- 32,5 млн. теңге сомасына 8 жобаны гранттық қаржыландыру;
- 549,9 млн. теңге сомасына ИКИ жүргізу 4 жоба.
4. Сауда
2020 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек сауда айналымы 160,2 млрд.теңгені (92,7%) құрады.
Көтерме сауда көлемі 249,9 млрд.теңгені (89,8%) құрады.
Қаланың тұтыну нарығында бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және тұрақтандыру үшін
-19 топ бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына күнделікті баға мониторингі жүргізіледі (Үкіметтің 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысына сәйкес)
- 36 «әлеуметтік» дүкен жұмыс істейді (соның ішінде 4 дүкен ауылдарда орналасқан).
- өңір өндірушілерімен және көтерме және бөлшек сауда желісімен жасалған 25 Меморандум жұмыс істейді;
- қаланың әлеуметтік дүкендері мен сауда нүктелеріне арзандатылған тауарды жеткізу бойынша «Павлодар» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорының жұмысы жүргізілуде.
5. Бюджет
Ағымдағы жылдың сегіз айында қала бюджетіне 46 711,5 млн.теңге немесе 112,5% жоспар бойынша 52 567,5 млн. теңге жеке кірістер жұмылдырылды.
2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қала бюджетінің шығыс бөлігі жалпы 99,6% - ға орындалды, есепті кезеңге арналған жоспар 73 233,9 млн.теңге болса, орындалуы 72 918,7 млн. теңгені құрады.
2020 жылға арналған қала бюджетінің көлемі жалпы 130 813 млн. теңгені құрады. Бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттердің үлес салмағы 28,3% немесе 37057,9 млн.теңгеге тең.
6. Әлеуметтік сала
6.1 Еңбек нарығы
Жұмыспен қамту саласында ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмыспен қамту белсенді шараларымен жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінген 3858 адам қамтылды, 8244 адамды құрады.
8091 азаматқа жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді, соның ішінде: тұрақты жұмыс орындарына – 7058 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 226 адам, жастар практикасына – 202 түлек жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 605 азамат қатысты.
Жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыздар саны есепті кезеңде 2264 адамды құрады.
Қала кәсіпорындарымен 3097 тұрақты жұмыс орны құрылды, соның ішінде 2623 тұрақты жұмыс орны.
Қысқа мерзімді оқуға (3 айға дейін) 232 қатысушы жіберілді немесе жоспар бойынша 210 адам 110,5%.
Оқуды 144 адам аяқтады, оқуды аяқтағаннан кейін 117 адам немесе 81,2% тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, сондай-ақ 27 адам мерзімінен бұрын аяқтады (объективті себептер бойынша оқудан шығарылды).
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде ағымдағы жылы Бағдарламаның 20 қатысушысы 134,4 млн.теңге сомасына микрокредиттер алды.
Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар 90 қатысушыға 45,6 млн.теңге сомасында берілді.
6.2 Еңбекке ақы төлеу
2020 жылғы қаңтар-маусымда бір жұмыскердің орташа айлық номиналды жалақысы 173 315 теңгені немесе 2019 жылғы қаңтар - маусымға (статистика бойынша деректер тоқсанына бір рет) 114,4% - ды құрады.
7. Білім
Павлодар қаласының білім беру жүйесі құрамына 133 мемлекеттік және жеке меншік білім беру ұйымдары, соның ішінде: 44 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 1 ҚІЖК, 72 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеме, 8 мектептен тыс мекеме, 8 мемлекеттік емес мектепке дейінгі ұйымдар кіретін ұйымдар желісі болып табылады.
Жалпы қала бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту - 73,5%, 3 жастан 6 жасқа дейін-100%.
Қаланың 42 мектебінде компьютерлік техника бар және Интернет желісіне қосылған. Бір компьютерге жарақтандырудың орташа көрсеткіші 7,3 адамды құрайды.
8. Денсаулық сақтау
Қаланың денсаулық сақтау жүйесі емдеу - алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылған: 5 емхана; 2 қалалық аурухана; балаларды оңалтудың қалалық орталығы; қалалық жерде 5 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт, сондай-ақ жеке меншік медициналық мекемелер.
Қала бойынша 2020 жылдың 1 қыркүйегіне 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіштерінің 25,6% - ға (100 мың тұрғынға шаққанда 285) төмендегені байқалады, туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 41% - ға (100 мың тұрғынға шаққанда 30) төмендеген.
2020 жылдың қаңтар-шілде айларында қалада 1 ана өлімі тіркелді. Қан айналымы жүйесі ауруларынан сырқаттану 20,9% - ға төмендеді (100 мың тұрғынға шаққанда 3326,5).
9. Жолдар
Павлодар қаласының Автомобиль жолдарының ұзындығы 447,8 км. құрайды, соның ішінде 308,6 км.асфальт - бетон жабынымен және 139,2 км. топырақ жабынымен.
Қала көшелерін, жолдар мен тротуарларды ағымдағы жөндеуге 1275,3 млн.теңге бөлінді.
10. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
Ағымдағы жылдың 8 айында құқық бұзушылықтардың жалпы саны 32,1% - ға (3396-дан 2305-ке дейін) төмендегені байқалады.
Ағымдағы жылдың есептік кезеңінде «Құқықтық тәртіп», «Тұрмыс», «Жасөспірім», «Қауіпсіз аула», «Балалардың назарына», «Есепші» және т. б. 20-дан астам жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді.
Бұл ретте көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы 8 айда 10,5% – ды құрады (2019 ж. - 18%).
Құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңдылықты сақтау және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау саласында мақсатты түрде жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Тонау 55,1% – ға, бөтен мүлікті ұрлау 57,2% – ға, бұзақылық 48,9%-ға төмендегені байқалады. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғаларында 10,2% - ға (283-тен 254-ке дейін), онда қаза болғандар 30% - ға (10-нан 7-ге дейін) төмендегені байқалады. Аса ауыр 6,5% – ға және ауыр дене жарақаттары 5,3% - ға өсті.