Павлодар

Меню

Страницы

Статья

Қылмыстық құқық бұзушылықтарды және басқа да заң бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы

Ағымдағы жылғы сәуірде Павлодар қаласының әкімдігі, Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) қылмыстық құқық бұзушылықтарды және басқа да заң бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсынысын қарады. Аталған кеңеске Павлодар қаласы әкімдігінің, Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің лауазымды тұлғалары, Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қызметкерлері қатысты.

Қарау қорытындысы бойынша Бөлім Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі, оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың сақталу мониторингі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін қалыптастыру бойынша ақпараттық жұмыс кіреді.

Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) ұсынымдары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнамалық актілердің нормаларын зерделеу бойынша құқықтық жалпы оқытуды өткізумен жұмыс жүргізілді.

Дата публикации
29 апреля 2021
Дата обновления
29 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
21 октября 2026
21 октября 2026

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы