
«Павлодар қаласының қаржы бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына сәйкес жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілгенін хабарлайды.
Павлодар қаласында 2 ұйым бәсекелес ортаға беруге жатады:
– «№ 1 автобус паркі» ЖШС 2021 жылы;
– «Горкомхоз Модернизация жилья» ЖШС 2022 жылы.
Толық ақпаратпен Мемлекеттік мүлік тізілімі порталындағы (gosreestr.kz) Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары объектілерін сатудың жол карталары орналастырылған «Жекешелендірудің екінші толқын объектілері» функционалында танысуға болады.